ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Тәжірибелік семинар

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында сағ 19.00-де «Спорт психологиясы. Мақсаты мен жетістіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтеді.

Мақсатты аудитория: Спортшылар, Жаттықтырушылар, Қазақстанның спорт федерациялары өкілдері, сонымен қатар, спорт психологиясына қызығушылық танытатын адамдар.

Семинар ұйымдастырушыларының басты мақсаты: Спортшылардың өз мансабында жоғары жетістікке жетулері жолында өздерінің ішкі психологиялық ресурстарын пайдалану.

Тренинг барысында спорт саласында қолданылатын нақты тәжірибелер, сонымен қатар, өз күшіне деген сенімді арттыру. Айта кетейік, спорт психологы ұғымы бүгінде сирек кездеседі. Олардың міндетін қазір спорттан алыс қарапайым психологтар атқарып жүр. Спорт психологиясы ертеректе ресми статусқа ие болды. 1913 жылы Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада Комитеті психология бойынша конгресс ұйымдастырып, сол кезден бастап, Халықаралық Спорт Қауымдастығы аталған түсінікті мойындаған болатын.

Мұндай семинарды жыл бойы ай сайын өткізу жоспарланған.

Спикерлер/тренерлер:

Бұхарбаев ЕрболКәсіби Психолог, Санта Круз қаласында Калифорния Университетін тәмамдаған, гольфтан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы, Алматы қ Гольф Федерациясының төрағасы;

Гребенников Виктор«Нагваль» психология орталығының директоры, кәсіби психолог, жұмыс өтілі – 20 жыл, Гипнотерапевт.

Өтетін орны: Алматы қ, Розыбакиев к, 227, ALMA U.  

Өтетін уақыты: сағ 19.00 — 22.00 дейін., 30 қаңтар 2019 ж.

Өтетін орны: Розыбакиев к, 227, ALMA U.

Семинар құны: 10000 теңге.

Тіркелу байланыс нөмірі: +7701 888 11 31 Ербол Бұхарбаев

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28439

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »