Спорт салаларын тану Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі — Комитет) құзыреті болып саналатын спорт түрлерін, спорт салаларын тану Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.
Аталған қызметті көрсету үшін Комитет Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеп, Министрдің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 375 бұйрығымен бекітті.
2019 жылғы 21 қаңтарда Комитетте аккредиттелген федерациялардың өкілдерінің қатысуымен спорт түрлерін, спорт салаларын тану, сондай-ақ Спорт түрлерінің тізілімін қалыпастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің оңтайландырылған бизнес-процесі іске қосылды, сонымен қатар спорт түрлерін тану үшін қажетті құжаттар тізбесі мен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі таныстырылды.
Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28464