ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Қазақстандық делегацияны на I Қысқы «Азия балалары» халықаралық жарысқа шығарып салу рәсімі

Астана – Бүгін сағ 15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстандық делегацияны на I Қысқы «Азия балалары» халықаралық жарысқа шығарып салу рәсімі өтті. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты. Ол жарысқа қатысушыларға сәттілік  пен жоғары нәтижелермен елге оралуларын тіледі.

«Осы жылдың 8-17 ақпаны аралығында Ресей Федерациясының Оңтүстік Сахалинск қаласында өтетін «Азия балалары» I қысқы халықаралық спорт ойындарына Қазақстан Республикасының спорттық делегациясын салтанатты шығарып салу рәсіміне қош келдіңіздер!

Бұл халықаралық жарыс алғаш рет өткізіледі.

Ең алғаш рет өткізілетін спорттық іс-шара отандық спортшылар үшін  сәтті болады деп сенемін.

Осы Ойындар Сіздер үшін тұғырлы болсын! Барлық күш-жігерлеріңізді жинап, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Жолдарыңыз болсын!»-деді Спорт Комитеті төрағасы.  

 

Жарыс 8-17 ақпан аралығында РФ Оңтүстік-Сахалин қаласында өтеді.

Ойындардың ашылуы 8 ақпан сағ 19.00-де Оңтүстік Сахалин өңірінің жергілікті уақыты бойынша өтеді. Алғашқы жарыс 9 ақпанда басталады. Сол күні спорттың екі түрі (шаңғы жарысы мен шорт-тректен) бойынша сайыс өтеді. Ең соңғы жарыс күні — 16 ақпан 2019 жыл. Жалпы жарысқа 1300 спортшы қатысады. ҚР спорттық делегациясы 115 адамнан тұрады, оның ішінде: 73 спортшы, 28 жаттықтырушы, 8 команда өкілі, 3 төреші (шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан секіру). Ту ұстаушы – Қасенов Дидар, шаңғышы.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28483

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »