ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Қазақстандағы 2019 жылғы триатлон маусымының ашылуы!

24 ақпанда «Астана триатлон паркінде» Қазақстандағы триатлон маусымының ашылуы болады. 2019 жылдың бірінші сайысы – қысқы триатлоннан ҚР Чемпионаты өткізіледі.

Қысқы триатлорннан Қазақстан Республикасының чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясы бастамасымен кәсіби (Elite санатындағы спортшылар) және әуесқой (Age Group санатындағы спортшылар) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық біріншілік. Сонымен қатар, қалың бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «TEMIRADAM Challenge» сериясының бірінші жүгіру сайысы өткізіледі.

Сайыстардың мақсаты:

−  мықты спортшыларды анықтау;

−  отандық спортшылардың шеберлігін арттыру;

−   Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, Астана қалалық триатлон федерациясы.

Өткізілу күні: 24 ақпан 2019 жыл

Сайыстардың басталу уақыты: 11.00

Марапаттау рәсімі: 13.50

Өткізілетін орны: Астана қаласы, «Астана триатлон паркі»

Elite санатындағы спортшылар үш кезеңнен тұратын «стандарт» қашықтығында жарысатын болады:

8 км жүгіру + 12 км вело + 10 км шаңғы жарысы

Age Group санатындағы спортшылар «спринт» қашықтығында бақ сынайтын болады. «Спринт» қашықтығы үш кезеңнен тұратын болады:

4 км жүгіру + 6 км вело + 5 км шаңғы жарысы.

Бірінші «TEMIRADAM Challenge» жүгіру сайысының қатысушылары 5 км және 10 км қашықтықта мықтыны анықтайтын болады.

Анықтамалық ақпарат

Қысқы триатлон – жүгіру, вело және шаңғы жарысынан құралған үздіксіз жүргізілетін триатлонның түрі. Қысқы триатлоннан бірінші ресми Әлем чемпионатын Халықаралық Триатлон Одағы (ITU) 1997 жылы итальяндық Мальс қаласында өткізген. Ал Қазақстанда қысқы триатлоннан алғашқы ресми біріншілік 2018 жылдың ақпан айында Астанада орын алды.

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

Z05T3C6, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел д-лы, 55 үй, 103 кеңсе

info@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28516

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »