ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Астанада Жабық ғимараттағы триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді!

Астана - 1-2 наурызда «Сарыарқа» велотрегінде Жабық ғимараттағы триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді.

Жабық ғимараттағы триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында өткізілетін ұлттық біріншілік. Сайыста Астана мен Шымкент, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан келген 15 жастан асқан 70-тен астам кәсіби спортшы додаға түспек. Бірінші күні спортшылар 200-400 м қашықтыққа жүзу және 1000-2000 м қашықтыққа жүгіруден жарысатын болса, екінші күні 2000-4000 м қашықтықтағы веложарыста сынға түсетін болады.

Сайыстардың мақсаты:

  • мықты спортшыларды анықтау;
  • отандық спортшылардың шеберлігін арттыру;
  • Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, Астана қалалық триатлон федерациясы.

Өткізілетін күні: 1-2 наурыз 2019 жыл

Өткізілетін орын: Астана қаласы, «Сарыарқа» велотрегі

Іс-шараның кестесі:

1 наурыз
08.45 сағ. Сайыстың ресми ашылу салтанаты
09.00 сағ. Жүзу жарысының басталуы
15.00 сағ. Жүгіру жарысының басталуы
2 наурыз
09.00 сағ. Веложарыстың басталуы
12.30 сағ. Марапаттау салтанаты

Анықтамалық ақпарат

Жабық ғимараттардағы триатлон (indoor triathlon) – триатлонның стандарттан тыс түрі. Ол жүзу, веложарыс және жүгіруден тұрады. Жарыстардың үш кезеңі де жабық ғимараттарда өткізіледі және кезеңдер арасында спортшыларға демалуға мүмкіндік беріледі. Қазіргі түрдегі триатлоннан жабық ғимараттардағы жарыстар ең алғаш 1990-жылдары Канаданың Онтарио қаласында өткізілген.

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

Z05T3C6, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел д-лы, 55 үй, 103 кеңсе

info@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28545

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »