ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Тұңғыш рет және бірден сәтті !!! — Ironman 70.3 Astana жарысы «Best New Events 2018» нұсқасы бойынша әлемдегі үздік жарыс атанды.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген триатлон бойынша IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы «Global athlete satisfaction award» гории «Best New Events» 2018 санатындағ марапатқа ие болды, ал бұл қатысушылар сауалнамасының қорытындылары бойынша әлемдегі үздік жарыс атанды.

Қазақстанда былтырғы жылы алғаш рет өткізілген, әуесқойлар, сондай-ақ кәсіпқойлар ретінде қатысуға көзделген, жалпы ұзақтығы 113 км немесе 70,3 мильді құрайтын дистанциясы үш үздіксіз кезеңді: жүзуді (1,9 км), веложарысты (90 км), жүгіруді (21,1 км) қамтыған, әлемде триатлон бойынша ең танымал жарыс.

«Біз аса беделді жарысқа ие болғанымызға қуаныштымыз. Факт бойынша біз үшін бұл тағы бір жетістік, өйткені Қазақстанда, Орталық Азия мен ТМД-ның алғашқы мемлекетінде IRONMAN жарысының пайда болуының өзі үлкен табыс. Осындай іс-шараны өткізу көптеген күш пен жігерді талап етеді, және де көбінесе, осының бәріне жұмылдырылған адамдардың ұйымдасқан еңбегі септігін тигізді. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, полицияға және құтқару қызметіне көрсеткен қолдау үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

«RG Brands», «VR-swimming», «Спорт әлемі», «Цеснабанк», LSM операторы компанияларының атынан біздің серіктестеріміздің арқасында біз қатысушылар үшін жайлы жағдайдарды қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, бізге, бұл жарысты дайындауға күні-түні көмектескен QVolunteers, International SOS волонтерлерімізді назардан тыс қалдыруға болмайды» -деп бөлісті ұйымдастырушылар марапатты алғаннан кейін.

Ironman 70.3 ASTANA жарысында 2018 жылы әртүрлі жастағы триалон әуесқойлары, әйелдер мен ерлер, оның ішінде спортшылар, саяси қайраткерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бизнес өкілдері қатысты. Танымал қатысушылар арасында олимпиадалық чемпион – ҚР Дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі комитет төрағасы Серік Сәпиев, олимпиадалық чемпион — Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, Олимпиадалық ойындар қатысушысы — триатлоншы Екатерина Шатная, Куила-Конда IRONMAN әлем чемпионатының Қазақстаннан алғашқы қатысушылары Нағима Керімбаева және Павел Артюшенко. Барлығы жарысқа әлемнің 47 елінен 1319 спортшы қатысты, олардың ішінде 791 қазақстандық.

2017 жылы Дүниежүзілік триатлон корпорациясы басқа да тоғыз үміткер болған елден Қазақстанды таңдай отырып, Қазақ географиялық қоғамына франшизаны табыс етті. Жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізуде еліміздің зор амбицияларын және мінсіз беделін көрсететін Қазақстанның астанасы Халықаралық спорттық ұйымның өкілдеріне ең көп әсер қалдырды. Қазақстанда халықаралық жарысты қабылдау идеясы дер кезінде пайда болды, себебі елімізде триатлон қарқынды дамып жатыр. 2012 жылдан бастап IRONMAN Қазақстандықтардың танымалдылығы едәуір артты: қазіргі таңда бүкіл әлемдегі старттарға тұрақты түрде қатысатын жүздеген адамдар бар. Жыл сайын, барлық IRONMAN жарыстарының қорытындылары бойынша Дүниежүзілік триатлон корпорациясы қатысушылар арасында дауыс беру арқылы әлемдегі үш үздік жарысты таңдайды.

Пресс-хатшы: Акбота Нурман, 77027773860, akbota.nurman@gmail.com

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28614

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »