ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Байдарка және каноэ есу спортының даму әлеуеті

Нұр-Сұлтан – Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  (Мәңгілік ел,8, под 15) ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Байдарка және каноэ есуден Халықаралық Федерация вице-президенті Томасом Кониецкомен кездесті.

Кездесуде аталған спорт түрлерінің даму әлеуеті талқыланды. Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық ескек есушілердің халықаралық спорт аренасындағы жетістіктерін атап өтіп, Халықаралық Федерация өкіліне қазақстандық спортшыларға үнемі қолдау білдіріп отырғандығы үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Томас Кониецко қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, ол бұдан әрі де аталған спорт түрлерін дамыту жолында тығыз жұмыс жасауға ниетті екендігін жеткізді.

Естеріңізге салайық, бүгінде аталған спорт түрлерімен жүйелі түрде елімізде 3 мыңға жуық адам айналысады. Жалпы, аталған спорт түрлерімен айналысу үшін 12 арнайы мамандандырылған ескек есу базалары қарастырылған.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28672

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »