ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Түркістан облысында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңі өтеді!

27-28 сәуірде алғаш рет Түркістан облысы Кентау қаласында Elite санатындағы (кәсіби) спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңі өтеді.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының І кезеңі – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін кәсіби спортшылар арасындағы ұлттық турнир. Бірніші жарыс күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген 13 жастан асқан 70 спортшы сынға түсетін болады. 13 жас пен 16 жас аралығындағы спортшылар «супер-спринт» қашықтығында, яғни 300 м жүзу + 8 км веложарыс + 2 км жүгіруден жарысатын болса, 16 жастан асқан спортшылар «спринт» қашықтығында – 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіруден сайысатын болады.

Ал екінші күні триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында дуатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің І кезеңі өткізілетін болады. Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 70-ке жуық спортшылар «TEMIRADAM» Кубогі аясында рейтингтік ұпайларға бәсекелесетін болады. Мәре сызығын кесіп өту үшін Age Group санатындағы спортшылар 5 км жүгіру, 20 км веложарыс және 2,5 км жүгіруден құралған «спринтерлік» қашықтықты тоқтамастан бағындырулары қажет.

Жарыстың мақсаттары:

− Үздік спортшыларды анықтау;

− Қазақстандық кәсіби спортшылардың біліктілігі мен шеберлік деңгейлерін арттыру;

− Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, Бас серіктес – «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктес — «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Түркістан облысы әкімдігі, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Өткізілетін күні: 27-28 сәуір 2019 жыл

Өткізілетін орын: «Қошқорған» су қоймасы, Кентау қаласы, Түркістан облысы.

Іс-шараның кестесі:

27 сәуір 9:00 Elite санатындағы спортшылардың жарыс бастауы – Ерлер, «Спринт»
9:05 Elite санатындағы спортшылардың жарыс бастауы – Әйелдер, «Спринт»
10:15 Elite санатындағы спортшылар арасындағы жеңімпаздарды марапаттау, «Спринт»
  11:30 Elite санатындағы спортшылардың жарыс бастауы – Ерлер+Әйелдер, «Супер-спринт»
12:30 Elite санатындағы спортшылар арасындағы жеңімпаздарды марапаттау, «Супер-спринт»
28 сәуір 9:45 Age Group санатындағы спортшылардың жарыс бастауы
12:15 Age Group санатындағы спортшыларды марапаттау

Анықтамалық ақпарат

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивтік жарыс болып табылатын олимпиадалық спорт түрі.

Дуатлон – жүгіру, веложарыс және тағы да жүгіруден құралған қашықтықты тоқтаусыз бағындырудан құралған спорт түрі.

«Триатлон» және «дуатлон» спорт түрлерін халықаралық деңгейде Халықаралық Триатлон Одағымен (ITU) реттеледі.

Байланыс:

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28683

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »