ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Түркістан облысында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңі өтті

Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласындағы Қошқорған су қоймасының жағалауында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің бірінші кезеңі өткізілді. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, сонымен қатар, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарынан келген 56 кәсіби спортшы осы тарихи жарыста бақ сынасты. Түркістан облысында тұңғыш рет өткізілуіне орай бұл сайыс тарихи болып аталды. Ауа райы мұндай әсерлі жарыстың өткізілуіне қолайлы болды, сайыскерлерді 18С жылулығымен қуантты.

Elite санатындағы «спринт» сайысы бәсекеге толы болды. Мұнда астанамыздан келген ұлттық құрама команда мүшесі Дарын Қонысбаев мықты болып, 59 минут 17 секундта мәреге бірінші жетті. Оған 9 секунд ұтылған алматылық Ануар Турубаев күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті 1 сағат 1 минут 5 секунд нәтиже көрсеткен тағы бір алматылық спортшы Абзал Орынбек тұйықтады.

Әйелдер арасында аталмыш санатта үздік нәтиже (1 сағат 6 минут 16 секунд) көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының өкілі, ұлттық құрама команда мүшесі Арина Шульгина болды. 1 минут 1 секунд жеңілген Ақмола облысының тумасы Ашраф Камалова екінші орынға иелік етті. 1 сағат 8 минут 22 секунд нәтижесі үшін Алматы қаласының спортшысы Ғазиза Кумакбаева қола медальмен марапатталды.

Elite санатының тағы бір топ спортшылары «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс және 2 км жүгіру) қашықтығындағы мықтыны анықтады. Спортшылар өзара 30 секунд айырмашылықпен жарыс бастап, құрмет төріне үздік нәтиже көрсеткендері шықты. Ерлер арасында бірінші орынды ұлттық құрама команда мүшесі шымкенттік Даниил Зубцов иеленді. Оның уақыты – 24 минут 38 секунд. Мәреге жерлесінен 1 минут 3 секунд кейін келген Алихан Абусеит қортыныды хаттамада екінші орынға орнықты. 25 минут 48 секунд уақытымен Никита Курганский (Ақмола облысы) үшінші орыннан көрінді. Ал қыздар арасында көкшенің қыздары құрмет тұғырын түгелімен жаулап алды.  28 минут 37 секунд уақыт көрсеткен Наталья Короткова алтын алса, оған 8 секунд жеңілген Яна Зимницкая күміс алды. Жүлдегерлер үштігін 28 минут 58 секунд нәтиже көрсеткен Надежда Бекмаганбетова тұйықтады.

Барлық санаттағы спортшылардың нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28689

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »