ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Серік Сапиев Спорт және дене шынықтыру бойынша ТМД қатысушы–мемлекеттер Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Щучинск — 5-6 маусымда Щучинск (Шаңғы-биатлон кешені) қаласында дене шынықтыру және спорт саласындағы келісім қатысушылары – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері өкілдерінің спорт және дене шынықтыру бойынша отырысы өтті. Шараны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Мұратұлы Рамазанов ашты.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі атынан бүгінгі кеңес жұмысын ашық деп жариялаймын. Кездесу барысында маңызды спорт мәселелері талқыланып, Кеңес жұмысы ауқымды өтеді деген ойдамын. ТМД мемлекеттері арасындағы спорт ынтымақтастығы бұдан әрі жалғаса берсін.»,-деді вице-министр.

Отырысқа ТМД мемлекеттері (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) спорт және дене шынықтыру саласындағы құзыретті органдарының басшылары, сонымен қатар, ТМД атқарушы Комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары өкілдері қатысты.

Шара алдында Серік Жұманғалиұлы Сапиев 2019-2020ж Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері өкілдерінің спорт және дене шынықтыру Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Өз сөзінде Серік Жұманғалиұлы Кеңес мүшелеріне өзіне артқан сенімдері үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет екендігін айтты.

Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сапиев спорт және дене шынықтыру саласын дамытуда мемлекеттің ұстанған саясатын алға тартты:

 «Қазақстанның спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат бұқаралық және жоғары жетістіктер спортын қатар дамытуға негізделген. Бұқаралық спорт саласында халықты тұрақты түрде спортпен айналысуға тарту маңызды болып саналады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік тапсырманы орындау аясында, жасалған жұмыстардың нәтижесінде спорт және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысатын адамдар саны 29,8% құрады.

Осы орайда, Серік Жұманғалиұлы жасалып жатқан бұқаралық шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде  11 мың спорттық бұқаралық шаралар ұйымдастырылған, оған 1,1 млн. адам қатысқан.  Бұл орайда спорт және дене шынықтырумен айналысатындардың дені білім беру орындарының оқушылары. Бүгінде олардың саны 1 млн. 834 мың мектеп жасындағы балаларды құрайды

Өз кезегінде, Министрлік Алматы облысында олимпиадалық даярлау орталығының және  Нұр-Сұлтан қаласындағы олимпиадалық базаның құрылысын жалғастырып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгінде елді-мекендерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жұмыстарын бастап кетті. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталатын болады.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері өз елдерінде спорт және дене шынықтыру саласында жасалып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде дене шынықтыру және спорт саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік саясат мәселелері қарастырылды. Еліміздің спорт саласына сандық технологияларды енгізу мен  2021-2030 жылдарға арналған ТМД қатысушыларының спорт және дене шынықтыру  саласындағы Стратегия жобасы талқыланды.

Кездесу соңында ТМД қатысушы мемлекеттерінің спорт және дене шынықтыру бойынша қабылданған шешімдерінің хаттамасына қол қойылды.

Спорт және дене шынықтыру бойынша Кеңес ТМД мемлекеттерінде жыл сайын өтіп тұрады. Өткен жылы шара Арменияда өткен болатын. Келесі Кеңес 2020 жылы ТМД мемлекеттерінің алғашқы ойындарының аясында Татарстан астанасы Қазанда ұйымдастырылады деп жоспарланған.

 

 

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28768

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »