ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Ақмола облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді

6-7 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауылында республикалық біріншілік –триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді!

Қазақстан Республикасының Чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен триатлоннан өткізілетін ұлттық біріншілік.

Сайыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Ақмола облысы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс ұйымдастырушысы: Ақмола облыстық Триатлон Федерациясы Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, Tengrinews.kz, Weproject.

Сайыс мақсаты:

−         Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;

−         қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;

−         үздік спортшыларды анықтау.

Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында кәсіби спортшылар бірнеше дисциплина бойынша бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

1)    U19 санаты (16-19 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру).

2)    U23 санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «стандарт» (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).

3)    Elite санаты (16 жастан жоғары), дисциплина – кросс-кантри триатлон, қашықтық – «спринт» (500 м жүзу, 12 км веложарыс, 4 км жүзіру).

Республиканың түрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің VІ кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында өткізілетін ұлттық турнир.

«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады:

750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру

Түрлі аймақтардан келген 130-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында өткізілетін жарыс кестесі

Күні

Уақыты

Іс-шара

6 июля 09.00 ч. U23 санатындағы жарыс басталуы — ерлер
09.05 ч. U23 санатындағы жарыс басталуы — әйелдер
11.45 ч. U23 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау
12.15 ч. U19 санатындағы жарыс басталуы — ерлер
12.20 ч. U19 санатындағы жарыс басталуы — әйелдер
13.45 ч. U23 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау
7 июля 9.00 ч. Elite санатындағы жарыс басталуы — ерлер
09.05 ч. Elite санатындағы жарыс басталуы — әйелдер
10.45 ч. Elite санатындағы жеңімпаздарды марапаттау
11.15 ч. Age Group санатындағы жарыс басталуы
13.30 ч. Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Кросс-кантри триатлон жүзу, таулы аймақтағы веложарыспен жүзіруден тұратын триатлон түрі. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Байланыс

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе

Веб-сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz

media@triathlon.org.kz

+7 705 807 50 50

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28854

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »