ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Бұл салтанат басқалардан өзгерек


Осындайда еріксіз еске түседі екен. 2000 жылдың 12 жел­­тоқсаны. Өскемен әуе­жайы. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Шыңылтыр аяз. Соған қа­рамастан әуежайда жүзден астам жанкүйер жиналған. Бүгін өскемендіктер айшылық алыстағы Сиднейден үш алтын, төрт күміс медальмен ко­мандалық есепте 22-ші орынға ие болған еліміздің сайып­қы­рандарын қарсы алмақ. Елбасы тапсырмасымен ел құрметіне бөленген азаматтардың салтанатты шеруі шырайлы Шы­ғыстан басталды. Олимпиада қаһармандарына Шығыста құр­мет көрсетілді, орталық Мәде­ниет үйінде «Жастар есірткіге қарсы» деген үлкен кеш өтті. Ең бастысы, балалар жеңім­паздармен ескерткіш суретке түсті, қолтаңба алды.
Ұқсастықты қараңызшы, енді, міне, арайлы таң Шы­ғыс­тан атады дегендей, бұл жолы толағай батырларымыз өздерінің халықпен кездесулерін тағы да Алтайдан бастады. Кешкі сағат 17.00-де тұманды Альбионда айды аспанға шығарған саңлақ­тары­мызды облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев, мыңдаған өске­мендіктер «Алға Қазақстан!» деп қарсы алды. Тәуелсіздік даңғылы бойымен арнайы кө­лікке жай­ғас­қан ерлерімізге ондаған мың қалалық құрмет көрсетті. Хакім Абай ескерт­кішіне Олимпиада жеңім­паз­дары гүл шоқтарын қойып, қала тұрғындарымен ескерткіш суретке түскен соң, олар ерке Ертістің жағасындағы амфи­театр­ға қарай бет алды. Мұндағы халықтың саны тіпті он мыңнан асады.

Сәлден кейін сазды музыка дауысы естілді. Диктор Отанымыздың Әнұранын Тұманды Альбион төрінде 7 рет шалқытқан чемпиондар құр­метіне көңілді әннің арналатынын айт­ты. Өскемендегі кездесуге Ольга Рыпакова, Александр Винокуров пен Әділбек Ниязымбетов келе алмапты. Ольга мен Александр кезекті сайыс­тарға қатысу үшін аттанып кеткен.
Бердібек Мәшбекұлының жү­рек­­жар­ды лебізі жиналғандарды баурап ал­ды. Ондаған мың өске­мен­дік тыныштала қалды. Лондондағы Олимпиада Қазақ елінің күш-қуа­тын бүкіл әлемге танытты. 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль – шынында да ғажап көрсеткіш. Елбасы Н.Назар­баевтың спорт пен дене тәр­биесіне деген әкелік қам­қор­лы­ғын сезінген спортшыларымыз ха­лықаралық жарыстарда алдан кө­рі­ніп келеді. Со­ның айқын дәлелі, күні кешегі Лон­дондағы тамаша жеңіс. Тіпті экономикасы қуатты де­ген кейбір Еуропа елдері біздің соңымызда қалып қой­ды. Ко­ман­далық есепте 12-ші орын алу деген ғажап нәтиже. Кен­ді Ал­тайдың аруы, жеңіл атлет Оль­га Рыпакова үш қарғып секі­ру­ден Олимп шың­ына көтерілді. Сол жағалауда салынып жатқан жеңіл атлеттер ма­не­жіне Ольганың есі­мін беру жө­нін­дегі менің баста­мам­ды халық, сосын Елбасы қызу қолдады. Себебі, күні ертең ол жерде талай чемпиондар тәр­бие­ле­неді. Чемпиондар шеруін Кен­­ді Ал­тайдан бастау жөніндегі ме­нің ша­қыруымды құп алған Туризм жә­не спорт агент­тігінің төра­ғасы Тал­ғат Ермегиявқа алғысымды айтамын, деді өңір басшысы.
Бұдан кейін кең сахна төріне сайып­­қырандар кезек-кезек шақы­рыл­ды. Б.Сапарбаев әрқайсысына 1 мил­лион теңгенің сертификатын жә­не облыс әкімінің алғыс хатын тапсырды. Бірінші болып сахнаға шы­на­шақтай Зүлфия көтерілді. Ол өңір басшысының қолынан алғыс хат пен қомақты қаржыны алып тұрып, өс­ке­мендіктерге алғысын жеткізді. Қы­зылорданың мақ­таны­шы, қазақ ті­лі­нің майын тамызатын Марина Воль­нова өске­мен­діктерге ерекше құрмет көрсеткені үшін алғысын жау­дырды. Сахна төріне Олимпия ойын­да­ры­ның екі дүркін чемпионы Илья Ильин кө­терілген кезде жи­налған жұрт ду етіп құрмет көрсетті.
– Біздің жеңісімізді бағалаған кен­ді­алтайлықтарға мың алғыс. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев менің жер­лесім, ол мені ауыр атлетика секциясына жазылған кезден біледі, талай рет қамқорлық көрсеткен. Құр­метті Бердібек Мәшбекұлы, Шы­ғыс­тың тұңғыш алтын алқасы құтты болсын, әкімі спортты қолдаған жер­де әлі талай Олимпиада чемпиондары шыға бермек, – деп И.Ильин ағынан жарылды.
Сөйтіп, шырайлы Шығыс жұрты толағайларына табандарынан тұрып құрмет көрсетті. Өскеменге келген он жеңімпазға 1 миллион теңгеден бе­ріл­ді. Бұдан кейін саңлақтар мем­лекеттік рәміздер орнатылған асқар таудың басына көтеріліп, Алтайдың әсем табиғатын тамашалады. Ерке Ер­тістің төсінде пароходпен сыр­ғы­ды. Еліміздің эстрада жұлдыздары әсем әннен шашу шашты.
– 2000 жылы Сиднейден келген кезде жеңімпаздар шеруі Өскеменнен басталған еді. Өңір басшысы Б.Са­парбаевтың шақыруын қабыл алдық, бұл сапардың тәлім-тәрбиесі, өнегесі мол болмақ. Тіпті қала көшелерінде сап түзеп, бізге құрмет пен ілтипатын жеткізген өскемендіктерге мың ал­ғыс. Әрі қарай сапар жалғасатын шы­ғар, Бердібек Мәшбекұлының бастамасын басқа облыс әкімдері қол­дай­тын шығар, – деді олимпиадашыларды бастап келген Туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов.


Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Өскемен.
Суреттерді түсірген автор

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=3070

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »