ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Шотландиядан келген жанкүйер

Желден жүйрік Александр Винокуров Лондондағы алғашқы медальдар жиын­тығының көбесін бұзып, тұңғыш алтындардың бірін суырып алғанда жанкүйер біткен елең ете қалған. Қазақстандық спорт формасымен жүреміз. Бәрі таниды десек бекер. Танығандары болды. Велоспорттың атын айтып, арқамыздан қақты, қолымызды алды.

Ал нағыз тамаша ауыр атлет­те­ріміз алтындарды бірінен соң бірін ала бастаған кезде басталды. Біз төр­теуміз. Ұлттық Олимпиада комитеті мен Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің мақұлдауымен аккредитация алған үш журналист жә­не фотокорреспондент. Сөмкемізді сүй­ретіп жарыстан соң дүние жү­зі­нің журналистері жиналатын бас­па­сөз орталығына соғамыз. “О, Қазақ­стан!” Қарсы келіп қалғандары кү­ліп, қол алады. Болмаса жылы жымиып ықыласын білдіреді. Мар­­қа­­- й­ып қаласың. Үлкен спорт дегенің ел­ді, мемлекетті танытудың үлкен құ­ралы, үлкен саясат екендігі осы жерде тағы да алдыңнан шығады. Келе-келе жанкүйерлер алды-ар­тың­ды орап жүргізбейтін күн­дерге де жеттік. Қай ұлт екенін білмейсің. Ағыл­шын ба, неміс пе, әлде француз, әлде америкалық… Ағылшын ті­лін оңдырып оқымағанымыз осы кез­­де алдыдан шықты. Сенімен шү-й­ір­­келескісі келеді, ал сенде тіл жоқ. Мылқау адамдай ыммен, қолмен сөй­лесіп түсінісетіндей халге жеттік. Күшеніп қос қолын жоғары көте­реді. Зілтемір. Бас бармағын шошайтады. “Қазақстан” дейді. Түсінікті. Мықты мемлекет екенсіңдер дейді. Оны да түсінесің. Сенімен фотоға түсуге құл­шынады.
Сол кезде Мемлекет басшы­сы­ның үш тұғырлы тіл туралы айтқаны көкейіңде тұрады. Орыс тілі қатты керек екені Киевте ұшақ ауыс­тыр­ған­да ерекше білінді. Ағылшын ті­лі­нің керектің ең үлкендігі екендігі Лондонда байқалды. Ана тіліңді ана әлдиімен бойыңа сіңір, сосын осы қос тілді біл. Бүгінгі талап осы.
Ал қазақ жанкүйерлеріне есеп жоқ. Елден келгендер белгілі. Сту­дент­тер де белгілі. Шұрқырасып қа­ла­сың.
Егізбаев Бек деген жас жігітпен танысып қалдық. Студент. Шотландиядан келіпті. Түбі – атыраулық. “Болашақ” бағдарламасымен оқып жатыр. Магистратурада. Мамандығы – қаржы менеджменті.
Шотландияның алыс, теңіз жаға­сын­дағы Абердин деген қаласында оқиды.
Атырау – мұнайлы қала. Абердин  Шотландияда мұнай астанасы саналады. Алыс. Осы жерге пойызбен жеті жарым сағат жүріп келген. Сол­түстік теңіздің жағасында орна­лас­қан Абердиннің аспаны түнде Санкт-Петербург сияқты сүттей әппақ дей­ді. Түн жоққа тән. Полярлық белдеу болғандықтан түнгі екіден бастап күн шыға бастайды. Қала сұр граниттен салынған, сондықтан сұрқай. Кішкентай кезінен ағылшын тілін жетік меңгерген Бек мұнда қазақ-түр­ік лицейінде бірге оқыған ақтө­бе­лік досы Айнұр Орынбаевмен бірге жүр. Ол Англиядан үш сағат жер­дегі Бристаил деген қалада оқиды.
– Интернетте қазақ спортшы­ла­ры­ның табысы туралы жақсы жазылып жатыр, – дейді олар. – Олимпиаданы бұдан кейін көрудің сәтті түсе ме, жоқ па деп рұқсат алдық та, осында келдік. Рас, билет табу қиын болды. Достарымыз интернет арқы­лы қымбаттау болса да алып берді.
Зүлфия Чиншанлоны көре алмай қал­дық. Манезаны көрдік. Енді Свет­­лана Подобедова мен Илья Ильин­ге тілекшіміз. Қазақстан осында көшіп келгендей қуанып жүрміз.
Кейін екеуін Светлана Подобедова алтын алғанда Лондондағы қазақ баспасөзі үйінен көрдім. Қазақ бай­ра­ғын жамылып, өздеріндей сту­дент­термен жарқылдап жүр.
Бек інім-ай! Саған бек ризамын. Сонау Шотландияның ең алыс түк­пірінен, полярлық белдеуден Қазақ­станыңа деген сағыныш, мақтаныш алып келді сені. Сендер барда, Отанын жанындай жақсы көретін білімді ұрпақ барда Қазақстанның өркениеттегі салқар көші келісті қалпынан айнымайды.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».

Лондон – Алматы
Суретте: Англияда  оқып жүрген Бек пен Айнұр.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=3088

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »