ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Президент кубогын Тунис құрамасы алды

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде волейболдан ерлер арасында өткен «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев кубогы» үшін ХІХ халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Турнирге Бахрейн, Тунис, Қы­тай және Тайланд елдерінің және Қазақстанның қос құрамасы қатыс­қан еді. ҚР Президентінің кубогы мен 100 мың АҚШ доллары болатын ақшалай сыйлықты ұту жолында алты команда арасындағы кездесулер айналымдық жүйе бойынша өткізіліп, өзіне берілген бес мүм­кін­діктің төртеуін жеңіспен аяқтаған Ту­нис құрамасы қара үзіп алға шықты.
Турнирдің ең қызықты тартысы БАИК Моторз Пекин деп аталатын Қытай құрамасы мен Тунис волей­болшыларының арасында өтті. Бес сеттің екеуінде жоғары көрсет­кіш­ке қол жеткізген Тунис спортшылары жарыстың бас жүлдесіне, ал өз тобында алға озған Қазақстан құ­ра­масы екінші орынға табан тіреді. Үшінші орын тайландтықтарға бұ­й­ырды.
Жалпы, биылғы турнирге қа­тыс­қан командалар құралақан болмады. Бахрейн мен Қазақстанның қосалқы құрамасы да ақшалай   сы­й­­лықтар алып, ең үздік ойын мә­не­рін көрсете білген ойыншылар да ма­рапатталды.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=3125

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »