ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Жаңалықтар”

Лондонда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара-таеквондодан Әлем Чемпионаты өтті

фото пар

Лондон —  15-19 қазан аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара-таеквондодан Әлем Чемпионаты өтті. Оған Әлемнің 57 мемлекетінен келген 268 спортшы қатысты. Еліміздің намысын 4 спортшы қорғады. Өмірәлі  Нышан (Тараз қ)-  ҚР «Халықаралық санаттағы спорт шебері», спортсмен – «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық клуб» мүшесі, Домбой Нұрлан (Атырау обл), Мұқашев Мәлік (БҚО) және [...]

Октябрь 23rd, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионаты

IMG_2697

Шанхай — Байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар топ жарып, командалық есепте 1 орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 15 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль. Екінші орында Қытай, үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді. Естеріңізге салайық, байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионатының финалы қазанның 15-18 аралығында Шанхай қаласында өткен болатын. Жарыс ересектер мен жасөсөпірімдер арасында [...]

Октябрь 20th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Спорт саласына жанашырлық

IMG_4142-19-10-17-02-28

Алматы -  Бүгін К.Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған Олимпиадалық резервінің мектеп-интернат-колледжіне Allur Avto компаниясы Iveco маркалы 15 орындық шағын автобусты сыйға тартты. Көлікті салтанатты түрде табыстау рәсіміне компания өкілдерімен қатар, Спорт және дене шынықтыру вице-министрі Сәкен Мұсайбеков қатысты. Ол бүгінгі таңда демеушілер тарапынан спортқа деген көзқарастың түзеліп келе жатқанын алға тартты. Айта кетейік, осы жылы демеушілердің [...]

Октябрь 19th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионаты

IMG_2683

Шанхай — Байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар топ жарып, командалық есепте 1 орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 8 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль. Екінші орында Қытай, үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді. Естеріңізге салайық, байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионаты қазанның 12-18 аралығында Шанхай қаласында өткен болатын. Жарыс ересектер мен жасөсөпірімдер арасында өтті. [...]

Октябрь 18th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Гүлдерайым мен Нұрғаным Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды!

IMG-20171016-WA0117

Жаттықтырушы Жанар Дүйсекенованың тәрбиеленушілері Гүлдерайым Алмағанбет пен Нұрғаным Тұршабек Сербияда өткен жастар арасындағы Әлем  чемпионатында қола жүлдені  иеленді. Қос спортшы да 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Екеуі де самбодан ҚР құрама командасының мүшелері, ҚР спорт шеберлері, биылғы жылғы Ташкентте өткен жастар арасындағы Азия чемпиондары,  ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпаздары. Сондай-ақ, олар дзюдо спортымен де [...]

Октябрь 17th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Қызылордалық Асылхан Тұрар Азия кубогының жеңімпазы және қола жүлдегері!

IMG_7017-13-10-17-03-14

Үндістанның астанасы Нью – Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында жерлесіміз, № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Асылхан Тұрар алтын жүлдені иеленді! Ол велоспорттың  ең ауыр түрі  —  омниум  жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста  қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлделер санын толықтырды. А.Тұрар [...]

Октябрь 13th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Қызылордада дәстүрлі веложарыс өтті

DSC_7947

8 қазан күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған веложарыс өтті. Шараға 200-дей әуесқойлар мен мекеме қызметкерлері қатысты. Олар 8 км қашықтықты жүріп өтті. Жарыс №3 велоспорт жөніндегі олимпиадалық резерв мектебінің алаңынан басталып, Ш.Есенов, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Сұлтан Бейбарыс көшесінде мәресіне жетті. Нәтижесінде ерлер арасында [...]

Октябрь 10th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының XXXI «Алтын күз» спартакиадасы аяқталды

DSC_0078

  Үстіміздегі жылдың 5-8 қазан аралығында Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының XXXI «Алтын күз» облыстық спартакиадасы өтті. Спорттың 15 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. Елбасының жыл сайынғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде саламатты өмір салтын қалыптастыру, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-ға жуық ауыл спортшылары қатысты. [...]

Октябрь 10th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Қызылордада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

IMG_3918

Қызылорда қаласында 7-8  қазан күндері  қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған  дзюдодан 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге еліміздің тоғыз облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 260 татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Турнирдің мақсаты – Қармақшы [...]

Октябрь 9th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Алматы қаласында стенд атудан 8 облыстың 150-ге жуық спортшылары қатысқан Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз 3 медаль олжалады. Трап бойынша Максим Коломоец Қазақстан жеңімпазы атанса, дубль-траптан Алексей Колгин күміс жүлдені иеленді. Ал командалық дубль-траптан Александр Ким, Максим Зорин және Алексей Колгин 1-орынды жеңіп алды. Спортшылар қазан айының соңында Шымкентте өтетін халықаралық турнирге, қарашада Алматыда болатын ҚР [...]

Октябрь 5th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »