ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Еркін күрес”

Еркін күрестен қызылордалық палуандар 5 жүлде олжалады

20150326190523

Қарағанды қаласында еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысқан еркін күрестен 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 200-ге жуық жас палуан белдесті. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Аталған бәсекеде әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Жандос Бөрібеков пен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы Серік Әбдімәуленов жетекшілік жасаған [...]

Март 27th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Сыр елінің қос спортшысы жеңіспен оралды!

photo_10953[1]

Белоруссияның Минск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен «Александр Медведь» жүлдесіне арналған  Гран-при халықаралық турнирінде  еркін күрестен жақсы өнер көрсеткен Сыр спортшысы Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі. Енді Дәулет үстіміздегі жылдың 5-10 мамыр аралығында Дохада (Катар) өтетін еркін күрестен Азия чемпионатына қатысады. Биыл 45-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 26 мемлекеттен 282 балуан [...]

Март 13th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Сыр елінің қос балуаны Минскте өткен додадан жеңіспен оралды

20150313061006

Беларусьтің Минск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен «Александр Медведь» жүлдесіне арналған  Гран-при халықаралық турнирінде Сыр спортшысы Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі. Енді Дәулет үстіміздегі жылдың 5-10 мамыр аралығында Дохада (Катар) өтетін еркін күрестен Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 45-ші мәрте [...]

Март 13th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Балуан Е.Ларионова Минскіде өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

20150310194453

Минск қаласында үш мәрте олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесі үшін еркін күрестен халықаралық Гран-при турнирі мәреге жетті. Осымен 45-інші рет өткізіліп отырған мерейтойлық жарысқа ирандық спортшылардан  басқа әлемнің ең мықты деген балуандары қатысты. Олардың арасында олимпиада, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Айталық, әйелдер күресінен 63 келі салмақта батысқазақстандық Екатерина Ларионова финалда Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, [...]

Март 11th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Марина Вольнова жақында балалы болады

20150310081253

2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бокстан қыздар арасында қола жүлдегер атанған жерлесіміз Марина Вольнова республикалық сайттардың біріне берген сұхбатында декреттік демалыста жүргенін айтты, деп жазады seihun.info. Боксшы сұхбатында отбасылық өмірдің ұнайтынын айтқан. Оның құдай қосқан қосағы — әскери қызметкер. Екеуі «Тұран» университетінде заң факультетінде бірге оқыған. Сол жерде танысады. Ол кезде болашақ жары Маринаның атақты боксшы [...]

Март 10th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Еркін күрес бойынша әлемнің жаңартылған рейтингінде 7 қазақстандық бар

Еркін күрес бойынша әлемнің жаңартылған рейтингінде 7 қазақстандық бар

Еркін күрес бойынша үздіктердің жаңартылған тізімінде 7 қазақстандық бар. Бұл туралы  sports.kz хабарлады. Расул Қалиев 57 келі салмақ дәрежесінде 7-орында, ал 61 кг салмақ дәрежесінде Артас Сана сегізінші сатыда, Дәулет Ниязбеков 19-шы, Ғалымжан Өсербаев 74 келі салмақ дәрежесінде 11-орында. Аслан Кахидзе   86 кг салмақ дәрежесінде 18-ші , 97 кг салмақ дәрежесінде Мамед Ибрагимов 14-ші, ал ең ауыр 125 кг салмақ дәрежесінде [...]

Февраль 5th, 2015 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Батысқазақстандық балуан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

20141209115514

Ақтау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Расуловты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасында ашық халықаралық турнир мәреге жетті. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Түркменстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің балуандары қатысып, бақ сынады. Осы байрақты бәсекеде батысқазақстандық Елшат Байыров [...]

Декабрь 9th, 2014 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Орынборда өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандық бес палуан жеңімпаз атанды

20141206213255

Ресейдің Орынбор қаласында өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар бес алтынды еншіледі. Атап айтқанда, бұл дүбірлі додада «Қазақстан барысы» титулының иегері және әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов абсолютті салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі германиялық Лезик Варбицкистен басым түсті. Екінші жекпе-жегінде ол қырғызстандық Тілек Құраловты жеңді, ал жартылай финалда армяндық Артем Григоряннан мерейі [...]

Декабрь 8th, 2014 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді

20140922162015

2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР қазақ күресі феерациясынан хабарлады. Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті денешынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына [...]

Ноябрь 4th, 2014 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Астана құрамасы әйелдер күресінен ҚР кубогын жеңіп алды

20141102213710

ҚР Кубогының шешуші кезеңінде елордадағы «Дәулет» спор кешенінде еліміздің әр өңірлерінің әйел балуандары медальдарды, қаржылай сыйақыларды сарапқа салды, деп жазады Kazakhstan Wrestling Online «ВКонтакте» парақшасында. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды астана құрамасы иеленді. Оның сапында ұлттық құраманың мықтылары: Татьяна Аманжол, Жұлдыз Эшимова, Айым Абдильдина мен Гузель Манюровалар бар. Екінші орын алматылықтардың қанжығасына байланса, үшінші орынды павлодарлық [...]

Ноябрь 3rd, 2014 | Posted in Еркін күрес,Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар | Read More »

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »