ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Қысқы спорт түрлерi”

Алматыда Денис Тен жанкүйерлерімен кездеседі

20160105023107

Алматыда 6 қаңтарда Денис Теннің жанкүйерлерімен кездесуі болады, деп хабарлады фигуристің Instagram-дағы фан-парақшасында. «Алақай! Денис Теннің жанкүйерлері үшін ең көптен күткен жаңалық. Алматыда фан-кездесу! 6 қаңтарда. Денис Тенмен кездесу оның нағыз жанкүйерлері үшін ғана өтеді, біз қатысушыларға 20 адамға дейін орын бөлеміз!», — деп хабарланды парақшада. Кездесуге үш сұраққа дұрыс жауап бергендер қатыса алады? Денис [...]

Январь 5th, 2016 | Posted in Жаңалықтар,Мәнерлеп сырғанау,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

«Барыс» хоккейшілері жаңа жыл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады

20151231061718

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады. Олар құттықтауларын Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Құттықтаушылардың арасында бас бапкер Андрей Назаров және команда мүшелері бар.     АСТАНА. ҚазАқпарат баспаға жіберу

Декабрь 31st, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Алматыда 12 мың орындық Мұз сарайындағы кіші аренаның тұсауы кесілді

20151230144709

Алматыда 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарына арналып салынып жатқан 12 мың орындық Мұз сарайының кіші аренасы мерзімінен бұрын қолданысқа берілді. Оның ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек, «Алматы қ. Халықаралық спорт жобалары дирекциясы» мемлекеттік қоры, осы спорт нысандарын салушы «Базис» құрылыс компаниясының өкілдері, танымал спорт жұлдыздары, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Көрермендер алдында, аренаға [...]

Декабрь 31st, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Астананың «Барысы» Мәскеудің атышулы ЦСКА командасын тізе бүктірді

20151229222043

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өнер көрсететін Астананың «Барысы» өз айдынында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, азулы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Андрей Назаровтың шәкірттері ойын тізгінін бірден қолға алды. Екінші минут басталысымен-ақ Роман Савченко қонақтардың қақпашысы Виктор Фасты қапы қалдырды. Жеті минуттан кейін Роман [...]

Декабрь 30th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

«Снежные барсы» «Сибирьские снайперы» командасынан басым түсті

20150614082515

АСТАНА. ҚазАқпарат — Халықаралық хоккей лигасы чемпионаты матчы ауқымында астаналық «Снежные барсы» Новосібірде «Сибирские снайперы» хоккейшілермен ойнады, деп хабарлады Sports.kz. Алғашқы кезеңде «Сибирские снайперы» хоккейшлері Никита Баженов пен Борис Кондауровтың шайбаларына «Снежные барсы» командасынан Максим Пушкарский дубльмен жауап қайтарды. Үшінші кезеңде Астанадан Евгений Королинский, Мадияр Ыбырайбеков және Максим Пушкарский хет-трикпен көзге түсчті. 8 қаңтарда Астанада [...]

Декабрь 29th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Елена Коломина Қазақстан Кубогының барлық алтынын еншіледі

20151228094936

Алматы маңында шаңғы жарысы бойынша өткен Қазақстан Кубогы мәреге жетті, деп хабарлады Sports.kz. Әйелдер арасындағы үш бәсекенің бәрінде де Риддер өкілі Елена Коломинаның мерейі үстем болды. Турнирдің соңғы күнінде ол скиатлонда бар мүмкіндігін көрсетті. Бұл сынға 40 шаңғышы қатысып, 38-і жарыс мәресіне жетті. 10 шақырымдық жарыста павлодарлық Ирина Быкова екінші, ШҚО өкілі Ангелина Шурыга үшінші орынға [...]

Декабрь 28th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Астананың «Барысы» овертаймда «Северсталь» командасын ұтты

20151227201910

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Астананың «Барысы» өз айдынында турнир кестесіндегі көш соңындағы командалардың бірі Череповецтің «Северсталын» қабылдап, овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 4-минутында қонақтар қақпасы маңында әбжілдік танытып, шайбаны иеленген Максим Худяков Максим Семеновке дәл пас берді. М.Семеновтің алыстан соққан шайбасын «Северстальдың» қақпашысы көрмей қалды ма, әйтеуір өткізіп алды. Содан кейін 15-минутта айдын [...]

Декабрь 28th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

20151226182427

Елордада дәстүрлі шаңғы жарысымен жаңа қысқы спорттық маусым ашылды. Бүгін 700 астам адам қалалық парктегі шаңғыроллерлік трассаға жиналды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, күш құрылымдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, спорттық мектеп оқушыларының, кәсіпқойлардың, сондай-ақ, шаңғы әуесқойларының арасында. [...]

Декабрь 28th, 2015 | Posted in Бұқаралық спорт,Дене шынықтыру,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

photo_69848

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл Сыр елінде екінші мәрте өткізілген жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда команда бақ сынасты. Бұл туралы облыстық дене [...]

Декабрь 25th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Мәнерлеп сырғанау,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

ҚХЛ матчында «Барыс» «Сибирьден» ұтылып қалды

20151224233236

АСТАНА. ҚазАқпарат — Құрлықтық хоккей лигасы ауқымында астаналық «Барыс» Новосібірде «Сибирь» хоккейшілеріне 1:5 есебімен есе жіберді, деп хабарлады Sports.kz. Шайбалар: 1:0 — 05:51 Риддервалль (Шумаков, Месарош). Көпшілікпен 1:1 — 14:21 Боченски (Даллмэн). Тең жағдайда 2:1 — 30:28 Шалунов (Жафяров, Моня). Тең жағдайда 3:1 — 35:09 Шумаков (Алексеев). Тең жағдайда 4:1 — 48:53 Шалунов (Моня). Тең [...]

Декабрь 25th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шайбалы хоккей,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »