ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Олимпиада”

Олимпиада 2018

2018 жылдың 9 — 25 ақпаны аралығында Пхенчхан қаласында (Корея) XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтті. 2018 жылғы Олимпиада ойындарына 92 елден 2 920 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы Олимпиада ойындарына 57 лицензия жеңіп алып, спорттың 9 түрінен 46 спортшы  қатысты. Қола медальді фристайл-могулдан Юлия Галышева жеңіп алды. Үш спорт түрлері бойынша  12 спортшы  [...]

Август 17th, 2018 | Posted in Олимпиада 2018 | Read More »

2018 жылғы 9-18 наурыз аралығында Пхенчхан қаласында (Корей Республикасы) ХІІ қысқы Паралимпиада ойындары өтті, бұл Ойындарға әлемнің 49 елінің спортшылары қатысып, 80 медаль жиынтығын жүлдеге салды. Аталған Паралимпиада ойындарында Қазақстан Республикасының атынан 7 спортшы 2 спорт түрінен, шыңғы жарысы және биатлонан қатысты. Пхенчхандағы  қысқы Паралимпиада ойындарында спортшымыз Александр Колядин (1,5 км спринт) Қазақстан тарихында алғаш [...]

Июнь 14th, 2018 | Posted in Паралимпиада | Read More »

Алмат – екі дүркін Азия чемпионы

7oxg-CxQQYs

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Екі күннің қорытындысы бойынша грек-рим күресінің балуандары 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.  Нұрым Дүйсенов баптайтын Қазақстан құрамасы бұл сында 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға ие болды. Еліміздегі ең тәжірибелі балуандардың бірі, Алмат Кебісбаев 67 келі салмақта күресіп өзіне тең  келер қарсылас таппады. Осыдан [...]

Март 1st, 2018 | Posted in Олимпиада | Read More »

Биатлон статистикасы. Супермикст сайысындағы қазақстандықтар

q2eExv_glvQ

Швеция елінің Эстерсунд қаласында биатлон спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы өздерінің жоғары дәрежеде дайындықпен келгенін дәлелдей алды. Галина Вишневская мен Ян Савицкий жұбы супермикст сайысында бесінші орыннан көрінді, Бұл Қазақстан құрамасының супермикст сайысындағы ең ірі нәтижесі болатын. Ендеше статистикаға назар аударыңыздар: Супермикст (single mixed relay) — 2014/2015 жылғы маусымда қосылған биатлон спортының [...]

Декабрь 7th, 2016 | Posted in Олимпиада | Read More »

28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада туралы қысқаша ақпарат

2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық университеттік спорты федерациясы Алматы қаласын 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы қабылдайтын қала ретінде жариялады. Бүкіләлемдік университеттік ойындар Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қараша мен 8 ақпан аралығы кезеңінде өтеді. Біз қысқы Универсиаданы қабылдап отырған ТМД елдерінің ішінде алғашқы және Азия өңірінде төртінші ел болып табыламыз, бұдан бұрын осындай іс-шара [...]

Ноябрь 25th, 2016 | Posted in Универсиада 2017 | Read More »

Ағымдағы жылғы 5 мен 21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейро қаласында (Федеративті Бразилия Республикасы) 41 спорт түрінен әлемнің 207 елінен 10 мың спортшының қатысуымен Олимпиада ойындары өтті

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 22 орынға ие болды. Ойындардың қорытындысы бойынша біздің құраманың еншісінде түрлі деңгейдегі 17 медаль: 3 алтын (Н. Рахимов, Д. Баландин, Д. Елеусінов), 5 күміс (Е. Сметов, В. Левит, Ж. Жаппарқұл, А. Ниязымбетов, Г. Манюрова) және 9 қола медаль (О. Галбадрах, К. Горичева, Ф. Харки, О. Рыпакова, А. Зайчиков, Э. [...]

Ноябрь 15th, 2016 | Posted in Олимпиада-2016 | Read More »

Әлемдік зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады

20151216003655

Әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарында қай ел қанша медаль алатынына болжам жасады, деп хабарлайды kazsport.kz. Оның болжауынша, Қазақстан Рио Олимпиадасында 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-шы орын алуы мүмкін. «Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасынан боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады», деп жазады [...]

Декабрь 18th, 2015 | Posted in Олимпиада | Read More »

«Рио-2016» Олимпиадасына Қазақстан құрамасының спорттық киімі дайындалуда

20150123001244

«Рио-2016» Олимпиадасына арналған Қазақстан құрамасы спорттық киімдерінің сызбалары келесі жылы 20 қаңтарда дайын болмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Спорттық резервтің ұлттық штаттық командалар дирекциясының басшысы Қайыргелді Жанпейісов мәлім етті. «Біз қазақстандық спортшыларға парадтық және спорттық киімдерді тігетін отандық өндірушілермен кездестік. Әзірге сызбасын жасау жұмыстары жалғасуда. Ол 20 қаңтарға дейін жалғасады. [...]

Декабрь 15th, 2015 | Posted in Олимпиада | Read More »

Қазақстан Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 43 жолдамасын ұтып алды

20151030120257

Қазақстан 2016 жылы өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 43 жолдамасын ұтып алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті. «Қорытындылар туралы Сіздер білесіздер, биыл барлығы 43 жолдама алдық. Жыл соңына дейін біздің велошабандоздар тағы 2 жолдама алады деп үміттенеміз», — деді ол. Оның айтуынша, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындықты пысықтау мақсатында [...]

Декабрь 15th, 2015 | Posted in Олимпиада | Read More »

FISU президенті Алматының Универсиадаға дайындығымен танысты

20151210133346

Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері жаңа сайланған президенті Олег Матыцинмен бірге Қазақстанға іссапармен келді. Олар 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға дайындық барысымен танысты. Ол Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаевамен, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруда өзекті мəселелерді талқылады. «Ұйымдастыру комитетінің басшысымен кездесуде бұл жоба сəтті [...]

Декабрь 11th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Олимпиада | Read More »

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »