ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих

Спорт инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері

комитеті төрағасының

2019 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 342 бұйрығымен

бекітілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы туралы

ереже

1. Жалпы ережелер 

1. Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді. 

2.  Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары 

4. Міндеті: Басқарманың құзыреті шегінде инвестициялық қызметтер бойынша стратегиялық және жоспарлық құжаттарды қалыптастыруға қатысу; ережелерге, нұсқаулықтарға, методикалық нұсқаулықтарға  техникалық сараптама мәселелері бойынша, басқа да нормативтік құқықтық құжаттамаларына, басқарманың құзыреті шегінде жүйелік есеп жүргізу.

Функциялары:

1) басқарманың құзыреті шегінде инвестициялық қызметтер бойынша министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының мониторингісін жүзеге асыру бойынша ақпарат дайындау, нақтылау және басқарманың құзыреті шегінде ақпараттарды дайындауға қатысуға;

2) басқарманың құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысуға;

3) бюджеттік инвестициялық жобаларды дамытуды іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша, басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік ұсыныстарды әзірлеуге;

4) республикалық бюджеттік бағдарламаларын дамыту, оның ішінде инвестициялық жобалардың құнының қымбаттауы бойынша бюджеттік ұсыныстарды нақтылауға басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік ұсыныстарды әзірлеуге;

5. Міндеті: Халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктерді және техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісуге.

Функциялары:

1) комитетпен берілген тиісті техникалық шарттар, келісілген коммуналдық техникалық қызметтер бойынша ТЭН және ЖСҚ әзірлеуді жүзеге асыратын жобалаушы ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекеттесуді жүргізуге;

2) құрылыс объектілерін жобалау үшін техникалық тапсырмалардың жобасын дайындауға;

3) жобалаушы ұйымдардан акт бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды қабылдау және оның жиынтығын және әзірлемелердің толықтығын тексеру, сонымен қатар ТЭН  мен  ЖСҚ сараптама жүргізуді ұйымдастыруға;

4) технологиялық жабдықтарды, жобалық және жобааралық жұмыстарды келісуге;

5) басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар құрылыс объектілері және кешендері жобалары бойынша салалық қорытындыларды дайындауға;

6. Міндеті: басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердің мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету; техникалық және авторлық қадағалау органдарының қызметін бақылау және құрылыс процессін сүйемелдеу, техникалық қадағалау органымен құрылыс процессін және бас мердігердің орындаушы-техникалық құжаттамаларын уақтылы орындалуын және дұрыс рәсімделуін мониторингілеуге;

Функциялары:

1) басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердің мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесу және  құрылыс объектілерінің қабылдау комиссиясына қатысуға;

2) басқарманың құзыреті шегінде қайта құрылып және салынып жатқан республикалық маңызы бар объектілерге және кешендердің сапасына   мониторинг жүргізуге;

3) өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес мердігер ұйымдарға мониторинг жүргізуге;

4) басқарманың құзыреті шегінде салынып жатқан республикалық маңызы бар объектілерге және кешендерге техникалық-экономикалық сараптама жүргізуге.

7. Міндеті: Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу; дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының пайдаланылуын үйлестіру; ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзу.

1)  аймақтар бойынша спорт инфрақұрылымның жай-күйіне сараптама жүргізуге;

2) спорт инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарына  сараптама жүргізу және әзірлеуге;

3) басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша  аналитикалық мәліметтерді дайындауға;

4) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосу үшін спорт объектілері бойынша құжаттарды әзірлеу (түсініктеме хат және әр спорт объектісі бойынша салалық қорытынды), инвестициялық жобалар бойынша деректер базасын қалыптастыру, жергілікті атқарушы органдармен басым инвестициялық жобалармен өзара әрекет жасау, басқарманың құзыреті шегінде барлық ведомстволық бағыныстағы спорт ғимараттарының мәселелері бойынша жұмысты үйлестіруге;

5) спорт және дене шынықтырудың негізі көрсеткіштері бойынша 1-ФК статистикалық есептік деректерін жинақтау, сараптауға.

8. Құқығы және міндеттері:

Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және басқарма өзінің функцияларын жүзеге асыруға құқығы бар:

1)   өз құзыреті шегінде сұрақтар бойынша шешім қабылдауға;

2) бұйрық жобаларын дайындауға, өз құзыреті шегінде басқа да  нормативтік құқықтық актілерді дайындауға;

3) министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен дайындалған бұйрық жобаларды, қаулыларды, өкімдерді, шешімдерді, методикалық және инструктивтік хаттарды, өз құзыреті шегінде қарауға;

4) басқарманың құзыреті шегінде жиналысқа және басқа шаралар өткізуге қатысуға;

5) басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті министрліктің құрылымдық бөлімшелерден, ведомствоға бағынысты мекемелерден, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен обылыстары бойынша архитектуралық-құрылысты бақылайтын жергілікті атқарушы органдардан керекті ақпаратты, статистикалық және басқа да деректерді талап ету және алуға;

6) басқарманың құзыреті шегінде бас жобалаушылардан, Қазақстан Республикасы аумағындағы республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердің қайта құрылуы және құрылысы барысы туралы қажетті техникалық және аналитикалық ақпаратты бас мердігерлерден, авторлық және техникалық қадағалау органдарынан талап етуге;

7) нысаналы бағдарламаларға және облыстардағы спорт инфрақұрылымы жобаларын республикалық бюджет қаражатын үлестіруге және қайта бөлуге ұсыныс беруге;

8) мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өз құзыреті шегінде өз ара әрекеттесуге;

9) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

9. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

10. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  басқарма бастығы басқарады.

11. Басқарма бастығы жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

12. Басқарма басшысы комитетің басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Басқарма басшысы осы мақсатта:

1) басқарманың құрамындағы бас сарапшылар мен сарапшының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »