Алтын медаль
Жапония астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
8-16 қараша аралығына жоспарланған сайыста Қазақстан атынан жеті атлет сынға түсуде. Бүгін спортшыларымыз қос бірдей алтын медаль жеңіп алды.
69 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында Альберт Линдер, ал жасөспірімдер арасында Арыстанбек Жақанша жеңіске жетті.