ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Пәле-жала аяқ астынан…

Азамат Теңізбаев

Біз әуежай маңынан полиция учаскесін іздеп таба алмадық. Сөйтсек, Азаматты бірден қала орталығына қарай алып кеткен екен. Мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов екеуміз қаламыз деп ниет білдіріп едік. Бірақ, ол жерде қалсақ, заңмен қудаланатынымызды түсіндірді.

 Өткен аптада отандық телеарналар жағымсыз ақпарат таратып, елді елең еткізді. Соның ішінде спорт сүйер қауым бұл хабардың рас-өтірігін білмей аңтарылып қалған.

Оқиға былай болған: Таэквондодан Қазақстан құрамасы осыдан біраз уақыт бұрын нақтырақ айтсақ, шілденің 10-ы күні Мексикадағы әлем чемпионатына аттанады. Онда республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы және оларды бастап 4 бапкер кетеді. Жарыс аяқталып, елге келе жатқан жолда құрамада өнер көрсететін бір спортшымыз ойламаған келеңсіздікке тап болады. Мексикадан Ұлыбритания арқылы қатынайтын ұшақ ішінде 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа қасында отырған ұлыбританиялық қыз «мені жыныстық қатынасқа итермеледі» деп полицияға шағым түсірген. Ұшақ Лондон әуежайына қонған бетте жергілікті сақшылар Азаматтың қолына кісен салып, сөзге келместен бірден алып кеткен.

Міне, сол күннен бері қарай Азаматқа тағылған айыптыңрас-өтірігіне ел де, ата-анасы мен туыстары да көз жеткізе алмай келеді. Ал бұл іске байланысты Ұлыбританияда 23-ші тамызда сот отырысы өтпек.

 

Cоңғы ақпаратқа қарағанда, Азамат Теңізбаев Лондондағы Фелтхам тергеу изоляторында отыр екен. Бірақ, жергілікті полициялар қазірге дейін, Азаматты туған-туыстарымен хабар­ласуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді.

Азаматтың ата-анасының қазір баласын жарысқа алып барған бап­кер­лер менқұрамаға жауапты тұлғаларға өкпесі қара қазандай. Ата-анасының айтуынша,құрамаға жауапты тұлғалар Азаматтың үстінен іс қозғалып, Лондонда тәртіп сақшылары алып қалғанда қасында біреуі қалмай, келесі ұшаққа отырып барлығы елге оралған. Істі болды деген айыппен ұсталған Азамат жарыстан шаршап, ұшаққа отырған бетте ұйқыға кеткен. Ұйықтап жатқанда бір қолықасында отырған ағылшын қызының денесіне тиіп кеткен. Ол қыз спортшыныңбұл қылығын ерсі көріп, полицейлерге шағымданып үлгерген. Лондонәуежайында ұшақ бортына полицейлер көтеріліп, Азаматты алып кеткен.

Ал, бапкерлері мен федерация қызметкерлері алғашында туған-туыстарына «шу шығармаңыздар, мәселе шешіледі», деп сендірген. Алайда, арада аптаөткен соң шыдамаған туыстары дабыл қағып, әділдік іздеп жатыр.

Бұл іске қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі де атсалысып жатыр екен. Министрлік Азаматтың анасы Жазира Тілешоваға 20-тамызға дейін шетел асуға рұқсат беретін құжаттарын әзірлеп беруге уәде етіпті. Сондай-ақ, отандасымыздың мүддесін білікті адвокаттар қорғайды деп сендіріпті.

Айта кетсек, осыдан тура 2 жыл бұрын да дәл осыған ұқсас оқиға АҚШ-та тіркелген еді. Онда арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүрген 20 жастағы Жанболат Бақытбекұлына 11 жастағы қыз балаға әдепсіздік әрекет көрсетті деген айып тағылды. Бірақ кейін отандасымыз ақталып шықты.

Талғат Тілешев, Азаматтың әкесі:

– Алып қалуының себебі әуежайда баланың қолы ағылшын қыздың денесіне тиіп кеткен. Балам ұйықтап жатқан. Оны бір құдай біледі, тиді ме, тимеді ме, дәлелденген жоқ. Ал менің ұлым жағынан ол жерде оны қолдайтын,қорғайтын ешкім болмаған. Не куәгерлер де ешкімді араластырмаған. Не болатынын әлі білмейміз.

Жазира Тілешева, Азаматтың анасы:

– Қазір баламның қандай күйде екенін білмеймін. Сұрайтыным баламдықайтарсын! Баламды тезірек құшағыма алғым келеді! Сотты тамыздың 23-іне белгіледі. Енді біз айтсақ бапкерлері ешқайда шағымданбаңыздар дейді. Бейхабармыз, баламызбен сөйлестірмейді. Қазір Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын құжаттарымды рәсімдеп жатыр. Баламның үстінен ашылатын сот отырысына үлгеріп барсам деген ниеттемін. Оған дейінқұжаттарым жұмысы біте ме, бітпей ме білмеймін. Тезірек барып баламды көргім келеді.

 Шамсат Исабеков, таэквондо федерациясының президенті:

– Сол оқиға болған ұшақта мен де бармын. Мексикадан ұшаққа кешкісін отырдық. Лондонға дейін 11 жарым сағат ұшады. Түн ортасы. Жолаушылардың барлығы ұйқыда жатқан. Әуе кемесінде жүздеген адам бар. Соншама адам отырғанда есі дұрыс адам ондай сорақылыққа бармайтыны белгілі. Азамат Теңізбаев ондай ессіз жігіт емес. Орындықтар арасы тым жақын, отыратын орындары да тар. Ұйықтап жатқан баланың қолы байқамай шағымданушы қыздың бір жеріне тиіп кеткен болу керек. Ол қыз оны қате түсініп, әдепсіздік танытты деп шағымданған. Таң ата Лондонға келіп қонғанда жергілікті полицейлер қаптап кетті. Бізді ұшақтан түсірмей, әбігерге салды. Біз не болғанын сол кезде барып, бірақ білдік. Сенер-сенбесімізді білмей қалдықҚолымыздан келгенше жағдайды сұрап, баланықұтқарып қалуға тырыстық. Тіпті, Арман Шылманов пен Мұрат Темірғалиев екеуі қалатын болды. Бірақ, мерзімі шектеулі визамен басқа елден келе жатқан азаматтардың жол-жөнекей ол елге қалуына болмайды екен. Ал ата-анасы баламызды тастап кеттіңдер деп бізге өкпелейді. Ол басқа ел, біздің ойлағанымыздай болса алып келер едік қой. Біз қазір де қолдан келгенше ата-анасына көмектесуге дайынбыз. Алайда еларалық істі федерация қалай шешеді. Бұны еліміздегі белгілі құзырлы органдар мен Сыртқы істер министірлігі шешеді. Не болса да 23 тамызда сот отырысы белгіленді. Барлығы заң аясында шешіледі, шулағаннан еш пайда жоқ.

 Мұрат Темірғалиев, Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы:

– Азаматтың ата-анасы мен туыс­тары бізге өкпелі екенін білеміз. Алайда біз Теңізбаевты алып кеткенде қолымыздан келгенше жүгірдік. Полицейлер Азаматты ұшақтан түскен бетте көлікке отырғызып алып кетті. Бізәуежай маңынан полиция учаскесін іздеп таба алмадық. Сөйтсек, Азаматты бірден қала орталығына қарай алып кеткен екен. Мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов екеуміз қаламыз деп ниет білдіріп едік. Бірақ, ол жерде қалсақ, заңмен қудаланатынымызды түсіндірді. Былайша айтқанда, олар бізді ұшаққа отырғызып жіберді. Қазір федерация да, Сыртқы істер министрлігі де барлық шараны жасап жатыр. Бәрі ойдағыдай шешіледі деген үміттеміз.

 

Күнсұлтан ОТАРБАЙ,

«Sport»

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=10611

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »