ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қызылордалық ескекші Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

қызылордалық Мерей Медетов
Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 26 жасар қызылордалық Мерей Медетов каноэде есуден қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінен хабарлады.

«Мерей облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебін бітірген. 26-29 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында байдаркада және каноэде есуден ересектер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Әлемннің 38 мемлекетінен спортшылар келіп бақ сынаған жарыста ол 500 м қашықтықты артқа тастап, жүлде еншіледі. Мерейді бұл сынға ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұхитдин Мейірбеков дайындады», — делінген хабарламада.

Құрлықтың қола жүлдегері енді 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады. Қазіргі таңда Мерей Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдау үстінде.

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Автор: Жаңагүл Сердалы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=11608

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »