ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Сочи-2014» Паралимпиада медальдарын бейнелейтін пошта маркалары жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресей тарихында қысқы Паралимпиада ойындарының тұңғыш рет өткізілуіне орай «Сочи-2014» филателистік бағдарламасының аясында Паралимпиада медальдарына арналған үш пошта маркасынан құралған блок жарық көрді, деп жазады Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының ресми сайтында.

Салтанатты шараға Халықаралық  Паралимпиада комитетінің басшысы Сэр Филипп Крэйвен, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасының орынбасары Дмитрий Козак, «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко мен Федералдық байланыс агенттігінің басшысы Игорь Чурсин қатысты.

Аталмыш блоктың әрқайсысы үш маркадан тұрады. Олардың әрбірінде Сочидегі қысқы Паралимпиада ойындарының медальдары — алтын, күміс және қола медаль бейнеленген. Бұл филателистік жинақтың дизайны жағынан да, жасалу технологиясы бойынша да әлем бойынша еш баламасы жоқ.

Блокты әзірлеу барысында металлды бояудың үш түрі — қола түстес, күміс түстес және алтын түстес бояулар қолданылған. Мұндай технология маркадағы бейнелерге 3D эффектісін береді: маркаларды қолға ұстағанда саусақтарыңызбен медальдардың шағын нұсқасын ұстап тұрғандай сезінесіз.

Маркалар блогы 150 мың данамен шығарылды. Оның көлемі 136х80 мм.

Әр блоктың шетіне 2014 жылғы қысқы ойындардың ресми сайтына сілетеме шифрленген арнайы QR-код жазылған.

 Басты сөздер: Спорт Олимпиада

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=14230

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »