ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Азия паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан спортшылары 60-65 адамға жетуі мүмкін

Азия паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан спортшылары 60-65 адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Дархан Калетаев мәлім етті.

«Біздің жоспар бойынша күзде өтетін Азия паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстанның паралимпиадалық құрамасы 60-65 адамға жетіп қалады. Лицензия алуға әлі де болса үш ай уақытымыз бар. Қазіргі таңда 51 лицензияны жеңіп алдық. Тағы да 10-15  лицензия алуға үміттеніп отырмыз», — деді Д.Калетаев.

Оның сөзіне қарағанда,  Азия паралимпиада ойындарына қазақстандықтар жеңіл атлетика мен жүзуден көп лицензия жеңіп алған.

Сонымен қатар Д.Калетаевтың атап өтуінше, ағымдағы жылдың күзінде Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия паралимпиада ойындарында жеңіске жеткен спортшылар 2016 жылы Бразилияда өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.

«Жалпы, бүгінгі таңда паралимпиадашыларымыздың дайындығы өте жоғары», — деді ол.

 

Автор: Марлан Жиембай
 Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=16381

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »