ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» тартысты матчта «Динамо-Маяк» командасына есе жіберді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 2 желтоқсан күні Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен айдынға шықты.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, кездесу аса тартысты өтті. Алдымен қонақтардан Петр Грибанов есеп ашқанмен, бұдан кейін айдын иелері үш гол соғып, алға шықты. Дегенмен Максим Өтебалиев пен Сергей Башаевтың көмегімен «Ақжайық» есепті теңестіре алды. Әйтсе де ойын соңында төрешілер оралдықтар қақпасына 12 метрлік айып добын белгілеп, оны Павел Легаев дәл орындады. Сөйтіп «Динамо-Маяк» 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді.

 

 

Автор: Елжан Ералы
 Басты сөздер: Батыс Қазақстан облысы Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=19091

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »