ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Екі қазақстандық спортшы еркін күрестен өткен «Mongolian Open-2015» халықаралық жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар Эльмира Сыздықова мен Татьяна Аманжол-Бакатюк Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен беделді дәстүрлі халықаралық жарысында бірінші орындарға ие болды.

Жарыстарға ең мықты азиялық және еуропалық командалар қатысқан, олардың арасында Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері болды. 69 келі салмақ дәрежесінде белдескен Эльмира Сыздықова  ақтық кезеңде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, АҚШ спортшысы Рэнди Миллерді жеңгенін атап өту керек. Бұдан басқа, қола медальдарға да қол жеткізген спортшыларымыз да бар. Жүлдегерлердің арасында Кисель Ирина, Екатерина Ларионова, Аяулым Қасымова, Гүлмарал Еркебаева болды.

Жарыстың ұйымдастырушылары жақсы жүлде қорын қамтамасыз етті. Бірінші орын үшін 1 000 доллар, екінші орын алғаны үшін — 800, үшіншіге — 500 доллар берілді.

  Басты сөздер: Спорт
АСТАНА-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=20851

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »