ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан құрамасы жартылай финалда ресейліктермен кездеседі

Бүгін, 2 сәуір күні Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатының шешуші ойындары басталады.

Ресей допты хоккей федерациясы сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жартылай финалда Швеция құрамасы финдермен айдынға шықса, қазақстандықтар әлем чемпиондары — ресейліктермен шеберлік байқасады. Мұнда жеңген командалар финалда алтын жүлдені сарапқа салса, ұтылғандары қола жүлде үшін күш сынасады.

Осыған дейін Алексей Никишов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бірінші ойында 1:10 есебімен ресейліктерге есе жіберсе, содан кейін 4:9 есебімен шведтерден ұтылды. 31 наурызда финдермен 3:3 есебімен тең ойнады. Ал 1 сәуір күні ширек финалда Беларусь елінің құрамасын 26:8 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Орал допты хоккейінің түлектері де ойнауда. Команда капитаны, шабуылшы Рауан Исалиев осыған дейінгі матчтарда қарсыластар қақпасына бес гол енгізсе, Леонид Бедарев үш доптың авторы атанды. Сондай-ақ Ескендір Нұғманов Беларусь құрамасымен ойында өз есебіне үш голды жазды.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=20874

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »