ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Қазақстан барысы» турнирінде Алматы облысы атынан Александр Касачев сынға түседі

Бүгін Талдықорғанда қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық іріктеу жарысы болып өтті.

Жарысқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жиналған ең мыңты 37 палуан қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Жарыстың салтанатты ашылуында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жарыс барысында палуан Александр Касачев жеңімпаз атанса, екінші орынды Қазбек Рамазанов иеленді. Екі спортшы да Қарасай ауданынан. Үшінші орынды көксулық Айдос Қаңлыбаев қанжығасына байлады.

Бірінші және екінші орын алған палуандар 5 шілде күні Астана қаласында «Қазақстан барысы» республикалық жарысында ҚР Президентінің жүлдесіне таласады.

 

Басты сөздер: Алматы облысы Спорт

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=21225

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »