ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Оралда бадминтоннан халықаралық жарыс өтуде

Оралда 8 шілде күні бадминтоннан халықаралық «Condensate Apacs Kazakhstan International Series» рейтингтік турнирі басталды.

Спорттың осынау түрінен Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Малайзия, Иран, Моңғолия, Беларусь, Ресей, Италия, Австрия, Израиль, Бельгия, Болгария, Шри-Ланка сынды әлемнің жиырма елінен 120-дан астам  спортшылар қатысуда. Олар 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай қорын молайту үшін сынға түсуде.

Ерлер арасында жекелей сында 42 спортшы өнер көрсетуде. Олардың арасында 2015 жылғы Ресей чемпионы, әлемдік рейтингте 54-інші орында тұрған Владимир Мальков, Австриядан Лука Врабер (58-інші орын), Дэвид Оберностерер (60-ыншы орын), Израильдан Миша Зильберман (51-інші саты) сынды мықты ойыншылар бар. Әйелдер арасында ресейлік Ксения Поликарпова (51-інші орын) және басқаларын атауға болады.

Турнирде ел чемпиондары Артур Ниязов, Вероника Сорокина бастаған қазақстандықтар да бақ сынауда. Соның ішінде батысқазақстандықтар Дмитрий Рублев, Наталья Толкачева, Андрей Клемец, Людмила Сафронова, Евгений Макаров бар.

Жарыс бес күнге созылып, 12 шілдеде мәреге жетпек.

Бадминтоннан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Мәлік Бейсәлиевтің сөзіне қарағанда, мұндай «International Series» турнирлері әлемнің көптеген елдерінде өткізіліп келеді. Бұл жарыс орны ретінде Оралдың таңдалуы тегін емес. Батыс Қазақстанда бадминтон спортын дамытуға жақсы жағдай жасалған.

Айта кетейік, 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың аталмыш айына дейін спортшылар осындай іріктеу турнирлеріне қатысып, ұпай жинайды. Соның қорытындысына сәйкес 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасына баратындар анықталады. Қазақстандықтардан осы кезге дейін ешкім де олимпиада жолдамасына ие бола қойған жоқ.

 

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=22118

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »