ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Спортқа бейім балаларға арналған бірегей интернат ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылында спортқа бейім балаларға арналған бірегей интернат ашылды.

Ауылдық жерде орналасқан алғашқы және бірегей интернат демеушілік қаражат есебінен салынғандығын ерекше атап өткен жөн. Оған бастамашылық еткен — бизнесмен Бауыржан Оспанов.

Жаңа оқу жылында бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо және шаңғы жарысы сияқты спорт түрлері бойынша 10 оқушы білім ала бастады. Бұл спортшылар іріктеудің үш кезеңінен өткендер. Олардың ішінде Алматы облысы аудандары мен ауылдарының тумалары, сондай-ақ Павлодар, ШҚО өкілдері бар. Жыл сайын оқушылар саны мен спорт түрлері ұлғаятын болады.

Интернат базасында спорттың алты түрі бойынша мамандандырылған залдар ашылды. Ойын залы, футбол алаңы, монша, кітапхана, асхана, 25 орындық жатақхана. Сондай-ақ бапкерлер мен оқытушыларға арналған үйлер салынды. Шаңғы  жолы мен ипподром салу жоспарда бар. Ашылу рәсімінде Бауыржан Оспанов интернатқа жаңа шағын автобус табыс етті, онымен балалар түрлі жарыстарға қатынайтын болады.

-  Жаңа интернат Жетісудың өте көрікті жерінде орналасқан. Сұлулығын тіпті Швейцариямен салыстыруға келмейді. Отандық спорттың дамуына орасан үлес қосқан Бауыржан Оспановқа рахмет. Мақсатымыз — болашақ әлем және олимпиадалық ойындар чемпиондарын өсіріп шығару. Интернатқа келген балалардың талпынысына қарап, олардың келешегіне сенемін, — деді Грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.

- Таскескеннен (ШҚО) ұлдарымды әкелдім. Олар үш жылдан бері грек-рим күресі бойынша түрлі жарыстарға шығып жүр. Әрқайсысында 20-25 медальдан бар. Бізді көптеген интернаттар шақырды, Лепсіге іріктеу турниріне келгенде, бізге осы жер ұнап қалды. Табиғаты да, жасалған жағдайы да дайындыққа өте ыңғайлы, — деді егіздер Бақияр мен Даниярдың  әкесі Жұматай аға.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=22777

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »