ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Өмірәлі Нышан Сочиде өткен Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Өмірәлі Нышан Ресейде өткен аяқ-қолдары кембағал және арбаға таңылған жандардың Халықаралық федерациясы өткізген Бүкіләлемдік ойындарында үздік шықты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ойындар 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Сочи қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 550-ден астам саңылақ қатысып, бақ сынады.

Ойындар бағдарламасына армрестлинг, жеңіл атлетика, жүзу, садақпен ату және үстел теннисі кірді. Сондай-ақ биыл бірінші рет мұндай жарысқа таеквондо спорты қосылғанын айта кету керек, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметінен.

Паратаеквондодан ел намысын екі саңылақ қорғады. Олардың арасында Өмірәлі Нышан болды. Бас бапкер Талғат Нұрбаев қос азаматымыздың өнерін жоғары бағалап, керемет нәтиже көрсеткенін баса айты. Соңғы жылдардардағы әлемдегі ең үздік паратаеквондошысына айналған Өмірәлі Нышан бұл жолы да көзге түсті. Қандасымыз ресми жарыстардың барлығында тұрақты нәтиже көрсетіп, жүлдесіз оралмауды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы ол өзін Сочиде өткен Бүкіләлемдік ойындарында көрсетті: қанжығасына алтын байлап, финалда Ресей өкілі Газаев Спартактан басым түсті.

Жергілікті жанкүйерлер қолдауына қарамастан, Өмірәлі Нышан үздік шығып, чемпион атанды. Әлем чемпионы Әзербайжан өкілі Александр Полищук 3-ші орын алғанын айта кету керек. Естеріңізде болса, қыркүйек айында өткен әлем біріншілігінде ол финалда қандасымыздан айласын асырып, үздік атанған еді.

Бүкіләлемдік IWAS ойындары ең алғаш рет 1948 жылы Ұлыбританияда өткен болатын.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23167

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »