ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қызылордадан шыққан велоспортшы Байқоңырды әлемдік туризмнің ортасына айналдырмақ

Қызылордадан шыққан спортшы, Бельгиядағы велосипед  Академиясының негізін қалаған Андрей Кашечкин қазір жаһандық «Байқоңыр» жобасын қолға алды.   Андрей  Кашечкиннің айтуынша, жобаның бір тармағы Қазақстанның жаңа велокомандасын құру болса, екінші бағыты — Байқоңыр қаласын әлем туристері ағылатын ортаға айналдыру.

«Бастама — жаһандық жоба, бұл жоба аясында ««Baikonur team» деген велокоманда құрып, оны қазақстанның велошабандоздарымен жасақтағым келеді. Сонымен қатар, елдегі туризмді дамытып, Қазақстанның имиджін насихаттау көзделіп отыр. Менің ойымша, Байқоңыр әлем бойынша атақты қала, бірақ, оның қай елде, Қазақстанның қай облысында орналасқанын жақсы біле бермейді. Міне, осы жоба арқылы, жаңа велокоманда арқылы Байқоңырды әлемдік туризмнің ортасына айналдырғым келеді», — дейді А.Кашечкин.

«Baikonur team» велокомандасы қазір құрылып жатыр, ал, ресми таныстырылымы 2016 жылға жоспарланып отыр.

«Жалпы, спорттың қай саласы болмасын, жаңадан команда құру оңай шаруа емес. Мықты спортшыларды тауып, оларды командаға тарту бір бөлек те, команданы әлемнің аренасына шығару өз алдына үлкен жұмыс. Жүйелі тәртіппен, қажырлы еңбек арқылы ғана команданы таныта аламыз. Бір айта кетерлігі, осы велокоманданың негізгі құрамы қазақстандық спортшылардан құралады, себебі, легионерлерге ғана үміт арту қиын болады. Спорттағы тәртіп бойынша, легионерлер келісімшарт біткен соң, команданы тастап кете береді, ал Олимпиада ойындары немесе Әлем чемпионаттарына Қазақстанның өз спортшылары ұпай жинау керек»,-дейді А.Кашечкин.

Әзірге, «Байқоңыр» жобасы Испанияның ESCATO GROUP және Монаконың CASPIAN SERVICES компанияларымен әріптестік орнатқан. Қызылорда облысының әкімдігі мен «EXPO-2017» компанияларымен келіссөздер жүріп жатыр.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23342

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »