ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Серік Сәпиев пен Александр Винокуров Шымкенттегі велошеруге қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстанның велоқауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Rixos Khadisha Shymkent-2015» велошеруі өтті.

«Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйіндегі салтанатты ашылу рәсімінен соң, сап түзеген әуесқой велоспортшылар Дінмұхамед Қонаев даңғылымен Наурыз алаңынан кері қайтып, мәреге жылдам жетуге тырысты.

Велошерушілердің құрамында Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров, бокстан Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» командасының бас директоры Серік Сәпиев, велосипед спортынан Атланта XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Забирова қатысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Велошеру жолының жалпы ұзақтығы — 15 шақырымды құрады.

Қатысушылар мәреге жеткен соң қонақ үй аумағында қайырымдылық аукционы өткізілді. Онда спорттық шеруде белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрі даңқты спортшылардың спорттық киімдері аукционға шығарылды. Атап айтар болсақ, Александр Винокуровтың арнайы жасалынған «Vino» брендіндегі велосипеді 1 миллион 650 мың теңгеге сатылды. Бұған қоса жеке топтамасынан бірнеше велокөйлектер саудаланды. Сонымен қатар даңқты боксшы Серік Сәпиевтің халықаралық сайыстарда киетін бокс қолғабы 150 мың теңгенің үстінде бағаланды.

Бұл қайырымдылық велошеруінің және аукционның мақсаты — велоспортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды осы спорт түріне көптеп тарту.

Қайырымдылықтан түскен барлық қаржы Қазақстанның жастар спорт мектептері үшін велосипед және жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23564

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »