ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Оралда республикалық «Жас барыс» турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды

Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас барыс» турнирі мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, айтулы додаға үш жас ерекшеліктері бойынша 16 команда құрамында 350-ге жуық балуан қатысты.

Жарыс қорытындысында 1996-1997 жылғы жастар арасында Бекжан Төлепов (55 кг), Райымбек Рәнтаев (60 кг, екеуі де Қызылордадан), Қасымхан Төленбай (66 кг), Әбдіқасым Сахан (74 кг, екеуі де Алматы қаласынан), Ернар Байжігіт (82 кг), Қайсар Шамшидинов (90 кг), Нұржан Ерехан (100 кг, үшеуі де ОҚО-дан), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг, Жамбыл) жеңімпаз атанды. БҚО-дан Нұрымжан Ғаббасов (90 кг) қана қола жүлдеге қол іліктірді.

1998-1999 жылғылардан Ришат Махмут (64 кг, Жамбыл), Ерзат Арғынов (72 кг, ШҚО), Дархан Жамалхан (81 кг, ОҚО), Бейбарыс Әбдіғани (+81 кг, ОҚО) жеңіс тұғырына көтерілді. БҚО-дан Бейбіт Мәдиев (81 кг) пен Бақтияр Ибрагимов (+81 кг) үшінші орынды иеленді.

2000-2001 жылғылар арасында Кемелбек Молдаш (60 кг, ОҚО), Заңғар Марат (66 кг, Қарағанды), Сұлтан Зарықпай (73 кг, Жамбыл), Бекарыс Садуақов (+73 кг, Алматы облысы) чемпион атанды. Батыс Қазақстаннан Ақылбек Зайдолла (60 кг) қола медальмен марапатталды.

 

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23686

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »