ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Оңтүстіктің ескекшілері Азия чемпионатында бес алтын медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Индонезияда өткен байдарка мен каноэда есу спортынан жастар мен ересектер арасында өткен Азия чемпионатында отандастарымыз 9 алтын, 8 күміс, 2 қола медальді еншілесе, соның 5 алтын, 5 күміс және 1 қола медалі оңтүстікқазақстандық спортшылардың қоржынында. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, 1000 метрлік екеулік байдаркада жерлестеріміз — Е.Алексеев сынға түсіп, топты жарса, 200 метрлік жұптық байдаркада ерлер арасында О.Янницкий, әйелдер арасында Н.Подойникова және Н.Сергеева, ал жастар арасында А.Борисов пен Г.Артемьев алтыннан алқа тағынды. Ерлер арасында Т.Хайдаров 200 метрлік каноэда жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, күміс және қола жүлдегерлердің ішінде жерлестеріміз — А.Альшанский, Н.Сергеева, И.Подойникова, Ю.Березинцев, С.Молина және ағайынды Емельяновтар да бар.Сөйтіп, әлем және Азия біріншіліктерінен ұлттық құрама спортшылары Рио олимпиадасына 7 жолдама алса, оның 4-уі Оңтүстіктікі. Еске сала кетейік, қараша айының басында өңірімізде байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимараты ашылған болатын. 130 адамға арналған оқу жаттығу орны елімізде теңдесі жоқ әмбебап кешен болып табылады.

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23693

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »