ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қазақ күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында өткен «Жас Барыс» республикалық турнирінде сырбойылықтар 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші орында — Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орында — Жамбыл облысы.  Жекелей сында жастар арасында сынға түскен 55 келі салмақта шиеліліктер Бекжан Төлепов пен 60 келіде Райымбек Рантаев турнир жеңімпазы атанды.
Жасөспірімдер арасында 46 келіде Бақыт Сейілхан (№5 ОРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. Ал 51 келіде Бақдәулет Имамзада (№1ОРМБЖМ), 60 келіде қазалылық Абылай Жұбаназар күміс жүлдені еншіледі.

Жасөспірімдер арасында 64 келіде сынға түскен қармақшылық Жасұлан Бердібеков пен жастар арасында 66 келіде Рахманберді Әбдірашит (№1ОРМБЖМ) үшінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер арасында 38 келіде түгіскендік Ермахан Қамар,46 келіде Нұрсұлтан Досмұрат (№1ОРМБЖМ) пен 66 келіде шиелілік Өмірзақ Рахметов қола жүлдеге қол жеткізді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Автор: Елубай Әуезов

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23696

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »