ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Kazsport» телеарнасы самбодан әлем чемпионатын көрсетеді

Қарашаның 13-і мен 15-і аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Аталған спорт түрімен айналысатын барлық жұлдыздардың басы қосылар жарыста қазақстандықтарды да ерекше атап өтуге болады, деп хабарлайды  »Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының алдына қойылған мақсат — былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатындағы нәтижеден кем түспеу. Күншығыс елінде отандастарымыздың 3 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде ұтып алғанын естеріңізге сала кетеміз.

Бұл жылы да ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады.

Команда қатарында талантты жастар да жоқ емес. Солардың бірі қыздар арасындағы спорттық самбо шебері — Ділдәш Құрышбаева.  «Kazsport» самбодан өтетін әлем чемпионатын 14 және 15 қараша күндері көрсетуді жоспарлауда.

  Самбодан әлем чемпионатының «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілім кестесі:

14 қараша, сағат 09.20 — бірінші жарыс күнінің трансляциясы;

15 қараша, сағат 13.45 — екінші жарыс күнінің трансляциясы;

15 қараша тікелей эфир — сағат 01:00 қорытынды жарыс күнінің трансляциясы.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23745

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »