ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Батысқазақстандық қос тоғызқұмалақ шебері Азия чемпионатына қатысады

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Әсет Қайыржанов пен Жарасхан Сағынбаев алдағы жылы Қытайда өтетін ІІІ Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында қатысады.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері Дәулет Әбідкәрімовтің айтуынша, олар бұл жолдаманы жуырда Ақтау қаласында жастар арасында тоғызқұмалақтың классикалық және блиц түрінен өткен ел чемпионатының қорытындысына сәйкес иеленді. Жас ерекшеліктеріне қарай 16, 18 және 20 жастағылар арасында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің он төрт облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Классикадан 18 жастағылар арасынан Ж.Сағынбаев жеңімпаз атанса, Ә.Қайыржанов үшінші орынды иеленді. Блицтен Әсет бірінші, Жарасхан үшінші жүлдені еншіледі. Енді олар құрлықтық додаға дайындалмақ.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23798

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »