ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақ күресі федерациясы Кубогының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды

3-5 желтоқсан күндері Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтетін қазақ күресі федерациясы кубогының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін турнирге арналған баспасөз мəслихатында белгілі болды.

Жүлде жеңген командалар арасында қалай үлестіріледі десек, 1 орынға — 10 000 000 теңге, 2 орын — 5 000 000 теңге, 3 орын — 2 000 000 теңге тігіледі. Ал 4 орын үшін 800 000 теңге, 5 орынға — 700 000 теңге, 6 орынға — 600 000 теңге, 7 орын — 500 000 теңге, 8 орын үшін — 400 000 теңге беріледі.

«Экономикалық дағдарыс тұсында осындай көлемде жүлде тағайындау қаншалықты дұрыс?» деген журналистің сұрағына жауап бере отырып, Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев мынандай пікірін білдірді: «Бұл жылына бір рет өтетін республикалық жарыс. Өтініш қабылдау əлі жалғасып жатыр, дегенмен, нақты қатысатын 14 команданың барына қуанып отырмын. Дегенмен қазақ күресі — ұлтымыздың байлығы, ұлттық намыстың қайрағы. Күреске қатысатын əр баланың мінезін қалыптастыратын өнер. Сондықтан 20 млн теңге бір жеке адам үшін үлкен қаржы шығар. Бірақ қазақ күресінің федерациясын, тіпті, қарапайым бір клубты алсақ, ол көп ақша емес. Оның үстіне, 20 млн теңгені сегіз орынға бөліп отырмыз. Мысалы, бірінші орынға 10 млн теңге беріледі. Ал бір команданы дайындау, жарысқа апарып-əкелуге кететін шығын бұл ақшадан да асып кетуі мүмкін. Естеріңізде болса, «Қазақстан Барысының» да жүлде қоры қомақты деген сөздер болды. Бірақ қазақ күресіне ден қойған жастардың саны бес жылда төрт есеге артқан. Бізге де керек нəтиже осы».

Баспасөз мəслихатында белгілі болғандай, бұл қаржы мемлекеттен бөлінбеген. 20 млн теңге, яғни, жалпы жүлде қоры демеушілер мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қауымдастығының көмегімен құралған қаражат.

Кубокты Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қауымдастығы», «Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы», «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ұйымдастырып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23840

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »