ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Сербиялық велосаяхатшы: Ең тамаша адамдар Қазақстанда тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сербиядан Жапонияға қарай ұзақ сапарға шыққан велосаяхатшы Драган Шибалич қазақстандықтарды ең ізгі адамдар деп атады.

Бұл сапарға ол 7 ай уақытын сарп еткен. Аталған уақыт ішінде саяхатшы 10 елде болған, деп жазады senica.ru.

Велосаяхатшыны ең жақсы қарсы алғандар — қазақстандықтар болған.

«Қазақстанда ең жақсы адамдар тұрады екен. Олар Сербия туралы біледі, өте қонақжай. Ал ең бір ауыртпалықты Моңғолияда өткердім, онда мені тонап кетті», — дейді Шибалич.

Саяхаты барысында ол азық-түлік алу үшін күніне небәрі 15 доллар жұмсаған. Негізінен шатырларда түнеген немесе өзі атап өткендей, қазақстандықтар тәрізді аса қонақжай жандар күтіп алған.

Енді саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапар шегіп, Олимпиада басталғанға дейін Рио-де-Жанейроға жетпек.

Драган Шибалич маусым айында Астанаға үш күнге тоқтағанында Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтаған еді. Ол сондай-ақ Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларында болды.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23911

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »