ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесуін Верхний Уфалейде өткізеді

Допты хоккейден Ресей біріншілігінің жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесулерін 24-25 қарашада Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізеді.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, «Ақжайық» екінші топта сондай-ақ «Локомотив» (Орынбор), «Универсал» (Саратов), «Знамя-Удмуртия» (Воткинск), «Маяк» (Краснотурьинск), «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) және «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командаларымен сынға түседі.

Бұрынғыша Дмитрий Иванников жаттықтыратын оралдық команда құрамында пәлендей өзгеріс жоқ. Ресейлік шабуылшылар Сергей Башаев пен Максим Пьяновтан басқаларының бәрі де — жергілікті допты хоккей түлектері.

Айта кетейік, әр жылдары «Орал», «Геолог», «Уралец», «Казақгаз», «Орда», «Қарашығанақ — АГС» деп аталған «Ақжайық» допты хоккей командасының құрылғанына алдағы жылы 40 жыл толады.

 

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23914

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »