ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Астанада «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — 25 қарашада Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шарада партия Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов жеңімпаздарды құттықтады, деп хабарлайды nurotan.kz.

Биыл партияның тікелей қолдауымен ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана қаласында Теңге ілуден I ашық Азия чемпионаты және Асау үйретуден республикалық турнирі, Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аламан бәйге «Алтын тұлпар» II республикалық турнирі және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылды.

Осы байрақты бәсекелердің үздіктерін анықтап, жылдың қорытындысын шығару мақсатында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы дәстүрге сай биылғы жылы да үздік болған спортшыларға «Алтын тұғыр» сыйлығын табыстау салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып отыр.

«2015 жыл ұлттық спортымыз үшін табысты жыл болды. Ұлттық спорттың барлық түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды. Ұлттық спорттағы жетістіктеріміз ұлттық құндылықтарды қолдап, дәстүрімізге мән беріп жүрген Елбасының және барша азаматтардың қолдауының арқасы деп білемін», — деді А.Мырзахметов.

«Алтын тұғыр» сыйлығы биыл ұлттық спорт түрлерінен үздік көрсеткішке қол жеткізген 11 спортшыға табысталды.

Қауымдастық тарапынан тағайындалған «Елімжан» төсбелгісіне Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев лайық деп табылды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

Марапаттау рәсімін ҚР Ұлттық спор түрлері қауымдастығының құрметті президенті, генерал Қайрат Сатыпалды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚР Ұлттық телеарнасының төрайымы Нұржан Жалауқызы, Самұрық-Қазына ұлттық әл-қуат қорының атқарушы директоры Дархан Кәлетаев және ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан жүргізді.

«Алтын тұғыр» иегерлері:
1.Көкпар спорт түрі бойынша: «Жыл үздігі» «Әулие ата» командасы
2.Теңге ілу спорт түрі бойынша: «Үздік теңге ілуші» — Ғалымжан Ізжанов.
3.Жамбы ату спорт түрі бойынша «Үздік жамбы атушы» — Айкөз Ералхан.
4.Құсбегілік спорт түрі бойынша «Үздік бүркітші» — Жалғас Әкімбеков
5.«Алтын тұлпар» жеңімпазы «Самалдың» иесі — Есбол Жаппасов
6. «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойына арналған ат бәйгесінің жеңімпазы «Тасқын»тұлпарының иесі — Болат Әбішұлы.
6. Қазақ күресінен «Үздік палуан» — Бейбіт Ыстыбаев.
7. «Үздік жыл ұйымдастырушысы» — Ром Әуезхан.
8. Ұлттық спортқа еңбек сіңірген ардагер — Әмірғалиев Орынтай.
9. Аударыспақтан «Үздік аударыспақшы» — Ерназар Жапарұлы.
10. Ұлттық спортты үздік насихаттаушы ұжым — «Астана» телеарнасы.
11. Ұлттық спортты тұрақты насихаттаушы — «Kazsport» телеарнасы.

Сондай-ақ ұлттық спорттың мәдени шараларына тұрақты атсалысып жүрген өнерпаздар Ескендір Ибрагим Әшімұлы, Досымжан Таңатаров, «Аламан» тобы, «Алаш ұлдары» тобы, Ардақ Балажанова Алғыс хатпен марапатталды.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23948

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »