ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымның беташар ойындарын Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізді.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 25 қараша күнгі бірінші кездесуде айдын иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 26 қараша күнгі матчты жинақы өткізген батысқазақстандықтар қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы үш ұпайға қол жеткізді.

Дмитрий Иванниковтың шәкірттері енді 28-29 қарашада Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен күш сынасады.

 

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23975

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »