ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш Аула клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

         Тоғызқұмалақтан тұңғыш Аула клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Cпорт және дене шынықтыру істері Комитеті, Павлодар облысы әкімдігінің Білім басқармасы, «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» ЗТБ-сі мен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-сінің ұйымдастыруымен 2015 жылғы 16-21 қараша аралығында Павлодар қаласында өтті.

Тоғызқұмалақтан тұңғыш Аула клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің аймақтарынан, 6 үздік команда қатысты. Чемпионаттың жабылу салтанатына тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Айнұр Абсадыққызы Жақапбаева және «Спорттың балалар-жастар орталығы» МҚКК-нің директоры Еркін Шаймерденұлы Макешов сөз сөйледі.

Чемпионат қорытындысы бойынша: І орын – «Өрлеу» аула клубы (Маңғыстау облысы), ІІ орын – «Қайсар» аула клубы (Павлодар облысы), ІІІ орын – «Серпін» аула клубы (Маңғыстау облысы) иеленді.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23984

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »