ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Шымкентте оқ және стенд атудан КСРО спорт шебері В.Почиваловты еске алу құрметіне орайластырылған XXIV халықаралық турнир өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шымкентте оқ және стенд атудан КСРО спорт шебері  В.Почиваловты еске алу құрметіне орайластырылған                           XXIV халықаралық турнир өтеді

Құрметті журналистер, Сіздерді 2015 жылдың 27 қарашасы күні сағат 13.00-де Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Қазығұрт ықш.ауд., «Эльдорадо» атқыштар клубында өтетін стенд атудан КСРО спорт шебері  Владимир Почиваловты еске алу құрметіне орайластырылған халықаралық турнирдің салтанатты ашылуына шақырамыз.

24-ші рет ұйымдастырылғалы отырған аталмыш сайысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстаннан, сондай-ақ, жақын шет елдер мен ТМД елдерінен спортшылар шақыртылды.

Жарыс қатысушылары бірнеше санат бойынша бақ сынасады: ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, қыздар, сонымен қатар, әуесқой аңшылар арасында. Спортшылар арасындағы біріншілік мынадай жаттығулар бойынша өткізіледі: траншейлік стенд, дөңгелек стенд, компакт-спортинг, дубль. Сондай-ақ, Оқ ату жаттығуларынан да өтеді.

«Турнир нәтижесі бойынша біз спортшылардың рейтингтерін анықтаймыз, сонымен қатар, спорт шеберлері үшін бұл нормативтерін дәлелдеп, халықаралық сайыстарға дайындалуға жақсы мүмкіндік. Ал, бапкерлер мен төрешілер кәсіби біліктілігін арттыра алады», — дейді  ату түрлерінен олимпиадалық даярлық орталығының директоры Олег Почивалов.

Турнир 30 қарашаға дейін жалғасады.

Жарыс мына мекенжай бойынша өтеді: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ, Қазығұрт ықш., «Эльдорадо» атқыштар клубы.

Өту мерзімі: 2015 жылдың 27 қарашасында журналистер үшін сайыс өтетін орынға дейін көлікпен жеткізу қызметі ұйымдастырылады.

Байланыс: 8775 311 65 56, 8775 842 99 54 – Шынар Тәжібаева

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=23988

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »