ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Таразда мықты командалар қазақ күресі федерациясының кубогі үшін күш сынасады

Бұл күндері «Тараз-Арена» спорт сарайы елдің мықты палуандарын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресі федерациясының кубогы республикалық турниріне жинады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда тұңғыш рет елдің ең мықты командаларының арасында қазақ күресінен спорт шарасы өтуде. Турнирге қатысудың міндетті шарты клубқа мүше болуы тиіс. Әрбір команда қазақ күресінен белгілі бір клубтың атынан түседі», — деді облыстық спорт жетекшісі Гамлет Қайнарбеков.

На состязания в Таразе съехались 16 казахстанских клубов, в том числе специализированные государственные и частные спортивные клубы по казах курес, а также детско-юношеские спортивные школы, школы и центры подготовки олимпийского резерва, школы высшего спортивного мастерства, спортивные клубы при вузах и сузах.

Тараздағы сайысқа 16 қазақстандық клуб өкілдері келді, соның ішінде қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке клубтар өкілдері, балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, орта мектептердің, олимпиада резервтерін даярлау орталықтарының, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің, жоғары және орта арнаулы оқу орындары жанындағы спорт клубтарының өкілдері бар.

Бұлар — СҚО, ОҚО және ШҚО балалар мен жасөспірімдер мектептері, Қарағанды мен Алматының жоғары спорттық шеберлік мектептері, павлодарлық ұлттық спорт түрлері клубы, Қызылорда қазақ күресі клубы, Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің ЦСКА командасы, Атырау және Ақтөбе ұлттық спорт түрлері клубы, «Астана батыры» жекпе-жек клубы.

Жамбыл облысынан екі клуб  — Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының «Қазақ күресі клубы» және Тараз қаласының жоғары спорттық шеберлік облыстық мектебі спортшыары қатысады.

Федерация кубогы үшн атақты палуандар да боз кілемге шығады. Жамбылдық команда құрамында 2012 жылғы чемпион және биылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің чемпионы Бейбіт Ыстыбаев бар. Оңтүстік Қазақстан облысынан Жұманазар Ерсұлтанов және Қызылорададан — Руслан Әбдіразақов пен Нұрым Сәлімгереев, Семейден — Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов, Қарағанды облысынан Асыл Барменов пен Ержан Шынкеев, Астана қаласынан — Ғани Сейділдаев пен Айбат Сейтен бар.

Боз кілемде 18 жастан асқан палуандар 55 келіге дейінгі, 60, 74, 82, 90, 100, сондайдан 100-ден жоғары салмақ санаттары бойынша сайысқа шығады. Кубок олимпидадалық схема бойынша жүргізіледі.

Бүгін, 4 желтоқсанда іріктеу кезеңі өтеді. Финалдық шайқастар, жабылу рәсімі және марапаттаулар 5 желтоқсанда өтеді.

Бұл жобаның ұйымдастырушылары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорттық жекпе-жек және  күш-қуат спорты түрлері конфыедерациясы» ЗТБ, «ҚР қазақ күресі федерациясы», «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры. Демеушілер — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

 

 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24072

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »