ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Қызылордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр алетикадан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы басталды. Оған Алматы қаласы мен облыс орталықтарынан 13 команда, 162 спортшы 15 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда. Салтанатты ашылуында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Одан кейін ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Кенжебаев және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовтер спортшыларға жеңіс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, 105 келі салмақта жеңімпаз спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 8 желтоқсан күні белгілі болады.
Бүгінгі өткен жарыстың қорытындысы:
48 келі әйелдер:
I орын Диана Серебрякова (Ақмола обл.) – 142 (60+82)
II орын Юлия Потасова (Алматы обл.) – 133 (57+76)
III орын Елизавета Белоусова (ШҚО) – 112 (47+65)
53 келі әйелдер:
I орын Әсем Амангелді (Алматы қ.) – 160 (70+90)
II орын Махаббат Серікболқызы (Алматы обл.) – 155 (70+85)
III орын Айсамал Сансызбаева (Қызылорда обл.) – 141(66+75)
56 келі ерлер:
I орын Тимур Хасаров (Алматы обл.) – 225 (105+120)
II орын Ерасыл Ергенбай (Қызылорда обл.) – 205 (92+113)
III орын Рахымжан Жұбатқанов (Қызылорда обл.) – 203 (90+113)

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24098

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »