ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

ОҚО әкімі ӘЧ күміс жүлдегері Ж. Жаппарқұлға 4 миллион теңгенің сертификатын табыстады

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Жазира Жаппарқұл мен оның бапкері — ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді қабылдады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде облыс әкімі Ж.Жаппарқұлды таяуда ғана Американың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал бапкері В.Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді.

Басқосуда аймақ басшысы өңіріміздегі спорт саласындағы жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтып, спортшыларға алғысын білдірді.

Еске салайық, осы жылдың 20-29 қараша аралығында Американың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында оңтүстікқазақстандық 4 спортшы қатысып, нәтижесінде Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды жеңіп алып Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдаманы жеңіп алған еді.

Айта кетейік, ОҚО спортшыларының қоржынында Рио-де-Жанейро олимпиадасына, әзірге, 12 жолдама бар. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік өңірі республикада көш бастап тұр. Жолдаманың саны жыл соңына дейін мұнан да артуы мүмкін. Өткен жылы облыс спортшыларының қанжығасында 10 жолдама болған еді.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24116

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »