ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Алаш арландары» қазақ күресі спорт клубының палуандары ҚФ кубогында күміс еншіледі

Тараз қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының кубогы жолындағы бәсекелер аяқталды. 16 команда қатысқан дүбірлі додада Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы күміс жүлдені еншіледі.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалықтар алғашқы белдесуде Жамбыл облысының  спортшыларынан басым түссе, жартылай финалдық кездесуде Алматы қаласының палуандарын таза жеңіспен ұтты. Ал финалда Семей жігіттерінен ұтылып, екінші орынды қанағат тұтты.

Команданың күміс жүлде алуына Бауыржан Райсов (55 келі), Дархан Сержанов (60 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі), Жайдарбай Есенов (82 келі), Мақсат Исағабылов (90 келі), Айбек Серікбаев және Нұрым Сәлімгереев (екеуі де 100 келі), Еламан Ерғалиев және  және Руслан Әбдіразақов (екеуі де +100 келі) сынды спортшылар өз үлестерін қосты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Елубай Әуезов

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24119

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »