ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды

4-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы аяқталды.

Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 13 команда, 162 зілтеміршілер кімнің мықты екенін анықтады,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР және облыстық ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға 150 мың теңгенің сертификаты мен төрт дүркін Әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде Максим Лактионов (Қарағанды облысы) Кубок пен сертификаттың иегері атанды.

Кубок қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы 188 ұпаймен топ жарды. Алматы қаласының командасы 186 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 161 ұпаймен Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында Алматы қаласы (173 ұпай) жеңімпаз атанса, қалған орындарды Қызылорда облысы (152 ұпай) мен Алматы облысының командалары (143 ұпай) иеленді.

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:

48 келі әйелдер:

I орын Диана Серебрякова (Ақмола обл) — 142 (60+82)
II орын Юлия Потасова (Алматы обл.) — 133 (57+76)
III орын Елизавета Белоусова (ШҚО) — 112 (47+65)

53 келі әйелдер:
I орын Әсел Амангелді (Алматы қ.) — 160 (70+90)
II орын Махаббат Серікболқызы (Алматы обл.) — 155 (70+85)
III орын Айсамал Сансызбаева (Қызылорда обл.) — 141 (66+75)

56 келі ерлер:
I орын Тимур Хасаров (Алматы обл.) — 225 (105+125)
II орын Ерасыл Ергенбай (Қызылорда обл.) — 205 (92+113)
III орын Рахымжан Жұбатқанов (Қызылорда обл.) — 203 (90+113)

58 келі әйелдер:
I орын Сәуле Садуақасова (Қостанай обл.) — 197 (87+110)
II орын Лидия Ануфриева (ШҚО) — 155 (70+85)
III орын Гүлдана Жүніс (Алматы қ.) — 140 (60+80)

62 келі ерлер:

I орын Владимир Абрамов (Қарағанды обл.) — 254 (117+137)
II орын Айдос Тұрсынбай (Қызылорда обл.) — 237 (106+131)
III орын Гасым Ковалев (Алматы қ.) — 233 (102+131)

63 келі әйелдер:
I орын Гүлназ Наурызова (Алматы қ.) — 195 (90+105)
II орын Анастасия Бурова (Атырау обл.) — 187 (87+100)
III орын Кристина Крахалева (Алматы обл.) — 175 (80+95)

69 келі әйелдер:
I орын Алтынай Дамен (Алматы обл.) — 236 (106+130)
II орын Майра Файзуллаева (ОҚО) -196 (86+110)
III орын Святослава Павлюк (Қостанай обл. ) — 165 (75+90)

69 келі ерлер:
I орын Михаил Дроздов (Алматы обл.) — 277 (131+146)
II орын Серікбол Аманжол (Қызылорда обл. ) — 268 (123+145)
III орын Арыстанбек Жақанша (Қызылорда обл. ) — 268 (117+151)

75 келі әйелдер:
I орын Раушан Мешітханова (Алматы қ. ) — 210 (100+110)
II орын Валерия Дежнина (Қостанай обл. ) — 200 (90+110)
III орын Нұрай Касеналы (Алматы қ. ) — 141 (65+76)

+75 келі әйелдер:
I орын Юлия Жуковская (Ақмола обл.) — 242 (102+140)
II орын Айзада Муптильда (Алматы қ.) — 242 (106+136)
III орын Гулназ Шамиева (Қызылорда обл. ) — 180 (84+96)

77 келі ерлер:
I орын Батыр Асраров (ОҚО) — 316 (136+180)
II орын Ринат Баударбеков (Алматы қ.) — 305 (135+170)
III орын Артем Антропов (Қарағанды обл.) — 281 (120+161)

85 келі ерлер:
I орын Евгений Евстафьев (Қарағанды обл.) — 345 (155+190)
II орын Нұрлыбек Саменов (ОҚО) — 337 (152+185)
III орын Владимир Кузнецов (ШҚО) — 333 (150+183)

94 келі ерлер:
I орын Шыңғыс Сағындықов (Алматы қ.) — 345 (150+195)
II орын Ринат Калиекберов (ШҚО) — 333 (151+182)
III орын Святослав Радченко (Қарағанды обл.) — 302 (136+166)

105 келі ерлер:
I орын Максим Лактионов (Қарағанды обл.) — 370 (170+200)
II орын Абылай Жұмабек (Алматы қ.) — 336 (145+191)
III орын Иван Голушко (ШҚО) — 325(145+180)

+105 келі ерлер:
I орын Ердос Сайлау (Алматы қ.) — 335 (150+185)
II орын Евгений Пя (Қызылорда обл.) — 305 (145+160)
III орын Рашид Әскеров (Ақмола обл.) — 291 (130+161)

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Автор: Елубай Әуезов

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24151

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »